"Оқу-әдістемелік бағыттағы білім беру объектілеріне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау"аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша отырыс.

"Оқу-әдістемелік бағыттағы білім беру объектілеріне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау"аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша отырыс.
2018 жылғы 06 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшесінің қатысуымен отырыс өткізді, онда "оқу-әдістемелік бағыттағы білім беру объектілеріне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау"аудиторлық іс-шарасының қорытындылары қаралды.
 
Отырыс "Ақмола облысының білім басқармасы" ММ басшысының орынбасары, оқу-әдістемелік бағыттағы білім беру объектілерінің бухгалтерлік қызметтерінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.
 
Сәйкестікке жүргізілген сыртқы мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша жалақыны, үстемеақыларды артық төлеуге, активтер мен міндеттемелерді есептен шығаруға қатысты, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану бөлігінде бұзушылықтар байқалды.
 
Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдары бар аудиторлық қорытынды мен нұсқамалар жіберілді.