Тексеру комиссиясы отырысының баспасөз релизі

Тексеру комиссиясы отырысының баспасөз релизі

2021 жылғы 25 мамырда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің қатысуымен отырыс өткізді, онда "мемлекеттік салықтық әкімшілендіру, жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылығы, аумақты дамыту бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, сондай-ақ Аршалы ауданына бөлінген бюджет қаражатының (активтерінің) пайдаланылуы" аудиторлық іс-шараның қорытындылары қаралды.

Отырыс аудан әкімінің, сондай-ақ тексерумен қамтылған мемлекеттік аудит объектілері басшыларының (директорларының) қатысуымен өткізілді.

Сәйкестікке жүргізілген сыртқы мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша жалақыны, үстемеақыларды, іссапар шығыстарын негізсіз төлеуге, жөндеу жұмыстарының жекелеген түрлерін орындамауға, бухгалтерлік есепті жүргізу мен есептілікті жасауды бұзуға, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану мен жоспарлауға қатысты бұзушылықтар атап өтілді.

Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдары бар аудиторлық қорытынды мен нұсқамалар жіберілді.