Ағымдағы жылдың 27 мамырында Степногорск қаласында қалалық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына: Степногорск қаласы әкімінің орынбасары - Н.З. Мұқатов, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Д.М. Нұрмағанбетов қатысты.
Сессия барысында Степногорск қаласының 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуын бекіту туралы, кенттер, ауылдар және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуын бекіту туралы жоспарлы мәселелер қаралды.

