Қоргалжын ауданында 2021 жылғы 21 шілдеде "Cалықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылылығының, аумақты дамыту бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, сондай-ақ Қоргалжын ауданына бөлінген бюджет қаражатының (активтерінің) пайдаланылуының мемлекеттік аудиті" аудиторлық іс-шарасы шеңберінде» Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Р.Р. Шәріп тексеру комиссиясының мүшесі АҚ. Ибикеновтың, тексеру комиссиясының аппарат басшысы Ж.А. Қанбатыровтың және мемлекеттік аудит тобының қатысуымен мемлекеттік аудитті жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы түсіндіру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін және мемлекеттік аудиторлардың кәсіби этикасын сақтау бойынша кеңес өткізді.
Кеңес қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы мемлекеттік аудит тобы қатысушыларының аудиторлық іс-шараны өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, этикалық нормаларын және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу қағидаларын сақтау қажеттігі туралы тапсырмалар берді.



