
Құрметті әріптестер, Сіздерге Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында облыстың қаржы жүйесіндегі абыройлы, қажырлы, жемісті еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін!
Мемлекеттік аудит саласының мамандығы әрқашанда аса жауапты мамандықтардың бірі болып саналады, себебі мемлекеттік аудит кәсібі - адамнан жоғары жауапкершілікті және кәсіби біліктілікті талап етеді.
Кәсіби шеберліктеріңіз бен өз ісіне аса жоғары жауапкершілікпен қарау қасиеттеріңіздің арқасында Сіздер Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты зор үлес қосып келесіздер. Бұдан әрі де өз білімдеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңізді Жаңа Қазақстан құру бастамасына және біздің өңіріміздің гүлденуіне жұмсайтындықтарыңызға сенімім мол.
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, сәттілік, отбастарыңызға құт-береке, бақыт тілеймін, сонымен қатар ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!.