Меню

Страницы

Статья

Есеп беру кездесулері 2018 ж

Аралағаш ауылдық округіндегі елді мекендерге жәшіктердің орналасқан жерлері туралы АҚПАРАТ

№

Ауылдық

 округтің атау

ауылының атауы

тұрған

дардың

саны

жәшіктердің

орналасқан

саны

Орналасқан орны

1

Аралағаш

 ауылдық округі

Аралағаш

435

3

«Аралағаш ауылдық  округі әкімінің аппараты »КММ ғимараты -1 шт

 

 

 

 

 

«Нұрай»дүкені -1 шт

 

 

 

 

 

Аралағаш орта мектебі -1 шт

 

 

Амангелді

34

1

Жакупов М.А. үй -1 шт

 

 

Рублевка

747

4

«Зенченко»ЖШС  кеңсесі -1 шт

 

 

 

 

 

«Арман» дүкені -1 шт

 

 

 

 

 

«Альфия» дүкені -1 шт

 

 

 

1216

 

Рублевка орта мектебі-1 шт

Аралағаш ауылдық округінің әкімі Б.Сәдуақасов

Аралағаш  ауылдык округінің  

әлеуметтік –экономиалық дамуының  2017 жылғы  қорытындысы  және 2018 жылға арналған жоспарлары

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жергілікті атқару органдарының басшыларының тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында жыл сайын барлық деңгейлі  әкімлер тұрғындар алдында есеп беру өткізіледі.

Аралағаш  ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық дамуының және келешекке  қойылған мiндeттepдiң қорытындысын шығару үшін жиналып отырмыз. Ауылдық округ аппаратының әкімдернің жоспарлы және мақсатты жұмыстар  жүргізу барысында халыққа ақпараттық мәліметтер жеткізу және облыстық , аудандық  деңгейдегі әлеуметтік – экономикалық  және саяси реформалардың   жүзеге асу барысындағы жұмыстарға тоқталу.

Аралағаш  ауылдық округінің аппараты «Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік жергілікті басқару және өзін- өзі басқару туралы»  асыруда.

Ауылдық округінің аппаратында жеке өтініштерімен азаматтар  және заңды тұлғалар  әкімнің  жеке қабылдауларында болды.

Ауылдық округінің аппаратына  жыл ішінде  17 өтініш түсті , соның ішінде жеке тұлғалардан — 17 өтініш,  ал  заңды өкілдерден өтініштер түскен жоқ . Заңды мерзімі бойынша өтінішті қарап  барлығына өкілдерге жауаптар  берілді.

Аралағаш  ауылдық округінде мемлекеттік қызмет бойынша стандарт және регламент тиісінше 7 мемлекеттік қызмет  ұсынылады;

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін
тасымалдауды ұсыну»

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге
ауыстыруға рұқсат беру» 

 «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»

Ғимарат салу үшін елді мекен шегінде жер учаскесін беру. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) жүргізуді талап етпейтін 2017 жылғы округінің аппаратында 74 азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ауыл шаруашылық 

Ауылшаруашылық  комплексінің ең маңызды бір саласы малшаруашылығын жетілдіру  халықты азық — түлікпен қамтамассыз етудегі ең басты  міндет.

Аралағаш  ауылдық округінде 325 тұрғын үй бар, олардың 276-да тұрғын үйлерінде жеке шаруашылықтары бар . 2017 жылғы жүргізілген есеп бойынша 1555  ірі қара мал ,  570 сиыр, шошқа — 547 ,жылқы — 700, қой мен ешкі — 2642. Ауылдық окрукте  — 23 жеке кәсіпкер өз істерін дамытуда  соның ішінде ірі қара мал, қой, жылқы шаруашылығын  дамытуда 18 жеке  кәсіпкерлер жұмыс атқаруда.

Аралағаш ауылы, Рублевка ауылы,  Амангелді ауылында  мал шаруашылығы бойынша   3 табын  ірі қара мал, 2 табын жылқы  бар.

2017ж — 2018 жылы қысқы мерзімі дайындалған шөп малшігері — 4500тонн.

Ветериналдық — профилактикалықуақытында  шаралар жүргізілді.

Қара мал, ұсақ мал, жылқы, шошқаларғасібір жарасына қарсы вакциналар  салынды, бруцеллезге,  зерттеу жұмыстары уақытылы жұргізіледі. Туберкулезге барлық қара мал басына және шошқаларға   зертеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылда  округ тұрғындарынан сүт жинау жұмысын ұймдастырып келеді. Бір литр сүттіңбағасы  75 теңгеболды.. Осы өтімді бағаға Аралағаш ауылынан 100 орамнан 35-сі тапсырса, Рублевка ауылынан 205 үйден 50-і сүт тапсырады, жаз мерзімінде  бір күнде 700 литр тапсырылып отырды.

Осындай жұмыстардан  Амангелді ауылыда да шет қалмады. Бұл жерде ауылдан  150 литрлік өнімді "Жакупова " жеке кәсіпкер жинай отыра «Ростан» зауытына өткізді.

Кәсіпкерлік

Елбасының халыққа арналған Жолдауында  орта және шағын бизнесті қолдауға арналған жаңа бағыттар көрсетілген. Ауыл өніріне қолайлы және экономикамызға қажетті  ауыл шаруашылықты дамыту. Осы бағытта малшаруашылы  мен егін шаруашылығына ерекше назар аударылған.Жиырма біржеке шаруашылық кожалық орналасқанРГП «Еңбек». Аралағаш ауылдық округінде бүгінгі күні дейін ауылшаруашылығы жұмыстарын қолдау мақсатында,соның ішінде мал өсіру бағытында «Жұмыспен қамту 2020 Жол  картасы» бағдарламасы 17  адам шағын несие алып отыр.

Біздің ең басты міндетіміз -ірі қара малдың ет өнімдерін сыртқы нарыққа белсенді түрде шығару. Осы жұмыстардың жасалуы бағытында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Қариев» шаруашылық қожалығы  6 бас ірі қара малды сатып алды.  «Алтын асық»бағдарламасы  бойынша

«Алтын »ЖШ –ғы  200 қоймен қамтамасыз етілді.

«Еңбек» шаруашылық қожалығын жетекшісі мал шаруашылығын асылдандыру мақсатында  2 асыл  тұқымды бұқа және «Тұлпар» шаруашылық қожалығы 1 бұқаны  алды. Сонымен қатар "Максим" жеке кәсіпкер  бір тұқымдық бұқа сатып алды.

«Құлан» бағдарлама  бойынша жеке шаруашылық "Алтын" — 100 бас жылқы  сатып алуды жоспарлауда.

Мал шаруашылығы бағдарламасын орындау  бағытында  «Жұмыспен қамту жол картасы » бағдарлама бойынша жеке кәсіпкер "Арайлым" — 1,200 мың теңге, 6 бас жылқы сатып алды, жеке кәсіпкер "Айымгүл" — 1,500 мың теңге 7 бас жылқы сатып алды , жеке қосалқы шаруашылық өсіру үшін несие алды.

Жалпы аймақта 4 дүкен   жұмыс атқаруда.

Салық 

Ағымдағы жылдың ішінде Аралағаш ауылдық округінде жергелекті салық жинау жұмыстары жолға қойылған.. Барлығы  192343 теңге жиналып,оның ішінде  мүлік салығы  50625 теңгесін  құраса , қалған 142218 теңгесі жер салығы.

Тұрғың ұй құрылысы

2017 жылғы көрсетілген жоспарлы 220 шаршы метр жеке тұрғын үй салу жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жоспардың орындалуы 100 пайызды құрып отыр. 2018 жылғы   1 жеке тұрғын үй 100 шаршы метр  салу жұмыстары жасалады. Құрылысы есепшот меншік иесі  құралдары өндірістік етеді. 2018  жылғы Рублевка ауылдық клубты КТ « Иван Зенченко»   капиталдық  ремонты аяқталады  және 620 мал шаруашылық   комплексы  салынады.

Жол  торабы 

Аудан орталығы Смироновтан  ауылға дейінгі арақашышықтық — 35 км   Облыс орталығы  Петропавл қаласына дейінгі арақашықтық  — 63 км. Республикалық трассаға дейінгі қашықтық  — 300м.

Аралағаш ауылы 1 км автомобилдік  кіру жолын жөндеуге Зенченко Г 140 мың теңге сомасына ЖСҚ рәсімдеді.

Демография , жұмыспен қамту

Округінің аумағында  халық саны мекендерде 1216 адам ; Аралағаш аулы — 435, Рублевка — 747, Амангелді — 34 адам  тұрады.

Ауылдық округте —  325 орам, олардың  — 104 Аралағашта ; Амангелді ауылында 16 орам.  Рублевкада — 205 .

Экономикалық белсенді тұрғындар  саны  – 732.

2017жыл ішінде  15 бала туды.

Округте  6 көп балалы отбасы тұрады. Мүгедек жандар — 55, зейнеткер — 124, Чернобыль  куәгерлері – 6  ;   жалғыз басты  17 адам бар.

Әкімшілік аппаратында балалар жәрдемақысы мен әлеуметтік атаулы көмекті анықтау және тағайындау бойынша қоғамдық комиссия жұмыс істейді, бұл комиссия аз қамтылған отбасылардың мәселелерін жан-жақты қарастырып, әлеуметтік картаға сәйкес оларға қалай көмек беру керек екенін шешеді. Балалар жәрдемақысын алатын Аралағаш ауылдық округінде 10 отбасы , МАӘК 1 отбасы (3 адам) алады.

«2020» бағдарламасы бойынша 8 адам жұмысқа  орналастырылды. 2017 жылғы қаңтардың 1-не жұмыспен қамту бөлімінде 3 адам тіркеуде тұр. Барлық жұмыссыз адамдар  ауылды  көркейту бойынша жұмыстарға қамтылады.

«Әкімшілік аппаратына 3 жұмыскер әлеуметік жұмыстарды атқарады:

2 әлеуметік жұмыскер 4 жеке тұратын зейнеткерлерге көмек береді.

1 әлеуметік жұмыскер, 4  мүгедек баларға көмек береді. .

Келісілген қосымша   жұмыстармен байланысты халықты еңбекпен қамтамасыз ету барысында 20 шақырым жерге  картоп отырғызу. Бұл жұмыстарда Рублевка ауылында   ЖШС «И.Зенченко» техникасы жұмылдырылса, Аралағаш ауылында ЖШ «Еңбек» техникалары пайдаланылады.

Білім беру

Округта  2 орта мектеп  білім беру саласында қызмет атқарады, орта мектептерде  — 2 шағын орталық ,Аралағаш орта мектебінде мектеп жанындағы  интернат жұмыс істейді.

Аралағаш Қайырбек Оразов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 84 оқушы білім  алады. 21  мұғалім  қызмет атқарады , оның ішінде. жоғары білімді — 18, орта арнайы білімді — 3. Оқу кабинеттерінің саны  15  және де ЖШ «Зенченко и К» азық-түлікпен   қамтамасыз етеді.. «Зенченко и К » шаруашылық қожалығының ұйымдастыруы арқасында Аралағаш ауылының орта мектебінде оқушылардың тегін ыстық тамағы беріледі, оған аталмыш қожалықтан азық-түлік әкелініп тұрады. 25 бала шағын орталық  барады. Аралағаш пен Рублевка мектептерінде үздіксіз су құбырлары жұмыс істейді. 

Рублевка  жалпы орта білім беру мектебінде 78 оқушы , 27  мұғалім  қызмет атқарады , соның ішінде: жоғары білімді —19,  арнайы орта  білімді — 8. Оқу кабинеттерінің саны  17.  Шағын орталыққа — 21 бала барады

«Әсия» жеке кәсіпкерінің ұйымдастыруымен бағасы 200 теңгені құрайтын оқушыларға  ақылы ыстық тамақ беріледі.

Жергілікті аудандық бюджеттен бөлінген қаражат Аралағаш және Рублевка ауылдарында балаларға арналған ойын алаңдары мектеп маңына тұрғызылды.  Округтегі екі орта мектеп нормативтік стандарттарға сай ғимараттарда білім беріп, телефон, интернет жүйесіне қосылған, компьютерлік кабинеттері тағы бар. Мектеп алаңдары көгалдандырылған.

Мәдениет

Аралағашта ауылдық клуб жұмысын істейді, соның  ішінде халық театр өз жұмысын атқаруда. Ауылдық әкімінің аппаратының  ғимаратында  ауыл кітапханасы орналасқан. Қазіргі уақытта Рублевка ауылында  ЖШС «Иван Зенченко» қолдауымен  ауылдық клуба  толық жөндеу жұмыстары жүргізілуде . Жөндеу жұмысына 50 мың теңге  жұмсалды. Аймақта  көркем өнерпаздар жұмыс жандандыруға үлкен  көңіл бөлінеді.  2017 жылы 66 мәдени іс-шаралар өткізілді. Рублевка ауылында  халықтың қол жетімді демалуы   контор  ғимаратында  ұйымдастырылған. 

Мәдениет үйінде көркемөнерпаздар , ұжымдары жұмыс істейді. 2017 жылы 66 шара өткізілді. Рублевка ауылында контор ғимараттында бос уақытын да орталығы жұмыс істейді.   

Дене шынықтыру 

Округта Аралағаш ауылымен  Рублевкада  2 стадион және 2 хоккей корты орналасқан. Ауылдық округінің жастары және оқушылар  спорттың әр түрімен айналысады:волейбол, жеңіл атлетика, ұлттық ойын «Көкпар». Аудандық, облыстық және республикалық сайыстарға қатысыпбас жүлделерге қол жеткізуде.

Денсаулық сақтау

Округте 2 медициналықпункт жұмыс істейді. Рублевка медициналық пункте  3  медбике жұмыс істейді, Аралағашта- 2  медбике. 2017 жылы жылжымалы флюрографиялық жұмыс істеді.  2017 жылы 513 адам дәрігерлік байқаудан  өтті.Аралағаш, Рублевка ауылдық елдімекендерінде диспансерлік тізімде тұрғандарға жеңілдеткен дәрілермен  қамтамасыз  етеді.

Құқық қорғау

Ауыл халқымен және мектеппен тығыз байланыста учаскелік инспекторы жұмыс істейді. Ауылдың санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары бойынша, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Ауылдық округте кәмелеттік жасқа толмағандарға құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау үшін ескерту  шараларының жоспары әзірленген уақытында жүргізіледі.  Округте учаскелік инспектордың қатысуымен азаматтар жиналысы өткізіліп тұрады.

Байланыс жүйесі

Аралағаш ауылында  телефондар жүйесі терминалдарға қосылған. Әр абонент қалааралық   байланысқа  және интернетке шыға алады.

«Қазпошта» АҚ бөлімшесі коммуналдық төлемдер, электр қуатының төлемдерін қабылдайды. Зейнетақы, ҰОС-ның ардагерлеріне жәрдемақы төленеді, журнал, газетrер таратылады.

Жарықтандыру

Округ бойынша жарықтандыру Аққайың аудандық электр желілері «Аксес Энерго» ЖШС филиалы таратады. Бұл жұмыстар қалыпты түрде жасалады. Аралағаш ауылында 14  жарықтандыру шамдары, Рублевка ауылында «Зенченко» КТ орнатқан 15 шам көшелерді жарықтандырады. Аралағаш ауылында орталық көшеде 700 метр ұзындыққа созылған  10жарық шамдары  көшелерді  жарықтандырып тұр.

Абаттандыру

2017 жылы ауылдың ішіндегі жолдар тегістелді. Жыл сайын    «Еңбек »ЖШ  ауыл ішіндегі жолдар қардан тазаланып отырады, ауыл тұрғындары, барлық мекемелер мен ұйымдар жұмысшылары шығып үнемі абаттандыру сенбіліктері өткізіліп тұрады. «Еңбек »ЖШ және аудандық жол қызметкерлерімен бірге Амангелді ауылының ішкі жолдарын тазартуда біршама жұмыстар атқарылды.  Рублевка ауылындығы қолданыстағы үйінді дуалдарды 2 шақырымға нығайту, Аралағаш ауылындағы елді мекеніндк жер үйінді дуалдарды тұрғызу, 3 шақырымға су өткізгіш құрылғылырды және канал арнасын тазарту бойынша жұмыстар қамтамамыз етілді.

Аққайың ауданының тұрғындарының 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларынды өткізілген есеп беру кездесулерінде берілген үндеулермен ескертулерді орындау мақсатында Аралағаш ауылдық округінде жоспар жасалған.  

Аралағаш ауылдық округі әкімінің есеп беру кездесулерінде 4 ұсыныс пен ескертулер түсті, бүгінгі танда барлық сұрақтар шешімін тапты.                            

Осы жылы көп жұмыстар атқарылды, 2018 жылы бұданда көп жұмыс күтілуде.

Алға қойған мақсаттар:

  • шағын және орта бизнестін мемлекеттік бағдарламасы бойынша  жетілдіру ;
  • Жергілікті мекендерде көшелерді жарықтандыру жұмысын жалғастыру ;
  • халықтан сүт жинауды ұлғайту;
  • ауылдарда   тұрғын үйлерді  тұрғызуды  жандандыру;
  • абаттандыру және көгаландыру  жұмыстарын жалғастыру ;
  • әр үйдің жеке шаруашылығын ұлғайту жұмыстарын жандандыру;
  • жұмыс орындарын  ашуды ұйымдастыру ;

2018 жылы  мал шаруашылығында бордақылау алаңдарын  жоспарлау.

Округтегі тұрғындардың ұмтылысы ,еңбекқорлығы болашақтағы ырыс-берекесі бүгінгі күн, біздің талпыныс, ізденістерімізден ертеңгі келешек өміріміз тәуелді. Бәрімізге еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында көрсетілген міндеттердің орындалуына  қол жеткізуге талпынуымыз керек.  Халқымыздың экономикалық  ырыс берекесі ауылымыздың ғана емес, еліміздің  болашағына қосар үлесі зор.

Қазіргі қиыншылықтардың бәрі өткінші деп ойлаймын. Уақыт өте алдымызда басқа міндеттер тұрады.

Аралағаш ауылдық округ әкімі Б Сәдуақасов

Дата публикации
21 февраля 2024
Дата обновления
21 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы