Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімінің Рублевка а. халқымен тұрақты кездесулерінің ХАТТАМАСЫ

Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімінің

 халықпен тұрақты кездесулерінің

ХАТТАМАСЫ

 

Рублевка ауылы                                                          2023 жылғы 25 желтоқсан

 

 Басталуы 10 сағат 00 мин.

Ауыл мектебі

 

Рублевка ауылының тұрғындары қатысты

 

Бабақов Қ. А. - Аралағаш ауылдық округінің әкімі

Зенченко Г.Г.  - "Иван Зенченко " ЖШС

Ризыханов Ә.К. –учаскелік полиция инспекторы

Қатысқандар саны -56 адам.

 

 

Күн тәртібі:

Аққайың ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

 

 

Есепті баяндама жасады:

Қайрат Ахметұлы Бабақов-Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округінің әкімі.

Есеп беру кездесулерін өткізу барысында сұрақтар келіп түсті:

№

Сұрақ

Жауап

1

Нурмолдина Ираида Викентьевна - Рублевка орта мектебінің үй-жайын тазалаушы

Гагарин, Конституция көшесіндегі жарықтандыруды жөндеу.

Түсініктеме берілді

Бұл мәселе округтің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен көше жарығын жөндеу бойынша пысықталуда, өйткені бюджет қаражаты көзделмеген.

2

Тлеулина Бекзат Орынбайқызы-зейнеткер

Ж. Жабаев көшесіндегі жолдарды қар үйінділерінен тазарту.

Түсініктеме берілді

"Баянды-СК" ЖШС Ж. Жабаев көшесіндегі жолдарды қар үйінділерінен тазартатын болады

 

Қорытындылай келе, ауылдық округ әкімі тұрақты кездесулер барысында келіп түскен мәселелер ескеріліп, шешілетінін айтты. Бақылауға қойылған мәселелер талданады, пысықталады және мүмкіндігінше аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және ауылдық округ әкімінің ресми сайтына хабарланады.

 

Аралағаш ауылдық округінің әкімі                             Қ. Бабақов

 

Дата публикации
23 января 2024