Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының
2024 жылғы 29 ақпандағы № 14-14
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызмет алушы (не нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – мемлекеттік корпорациясы) және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінуге құқылы:»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Көрсетілетін қызмет алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызмет беруші екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
|
|