Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіру

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында нақты мұқтаж азаматтардың жиынтық табыстары мен шығыстарын айқындауды ескере отырып халыққа әлеуметтік көмек көрсету тетігі жетілдірілуде. 

АӘК тағайындау кезінде АӘК тағайындау қажеттілігін айқындау өлшемшарттарын мынадай өлшемшарттармен толықтыру ұсынылады:

тұрғын үй және (немесе) жеңіл автокөлік сатып алу;

отбасының әрбір мүшесіне айына бір ең төмен күнкөріс деңгейінен жоғары мөлшердегі ипотекалық қарызды қоспағанда, банктік қарыздарды және (немесе) микрокредиттерді ресімдеу;

жиынтығында отбасының әрбір мүшесіне айына кедейлік шегінен асатын адамның (отбасының) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларының болуы;

ипотекалық депозитті қоспағанда, бір отбасына 200 АЕК-тен астам мөлшердегі жинақ салымының, депозиттің болуы.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК-ке үміткер адамдардың келісімін ала отырып, азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда.

Өтініш беруші АӘК алу үшін уәкілетті органға жүгініп, пилоттық жобаға қатысуға өтініш береді. Осыдан кейін өтініш берушінің отбасының құрамындағы барлық кәмелетке толған адамдардың жеке телефон нөмірлеріне 1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі, олар оған  бір жұмыс күні ішінде жауап беруі тиіс.

Ақпаратты жинақталған түрде өтініш берушінің келісімі бойынша және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы алуға болатынын ата кеткен жөн.

Дата публикации
31 декабря 2024