Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі шаралар туралы

Облыста табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қолдау көрсету бойынша жұмыс жалғасуда.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен (СҚО бойынша 2024 жылдың 4-тоқсанында КШ - 37 710 тг.) отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) беріледі.

АӘК өмірдегі қиын жағдайдан шығару үшін отбасына кешенді қолдау көрсетуді көздейді.

Біріншіден, бұл 2 түрге жіктелген ақшалай төлем: шартсыз және шартты ақшалай көмек.

Еңбекке қабілетсіз азаматтары бар отбасыларға шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі және олар үшін жәрдемақы алу үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі жұмысқа орналасқан отбасыларға беріледі.

Екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар. АӘК тағайындаудың барлық кезеңіне отбасымен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Келісімшартты бұзу бүкіл отбасына АӘК төлеуді тоқтату және келесі алты айда АӘК тағайындаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Үшіншіден, 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 1,5 айлық есептік көрсеткіш (2024 жылы 5 538 теңге) мөлшерінде қосымша төлем беріледі.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша   5 082 азаматқа (1171 отбасы) 450 млн. теңгеге  АӘК көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% - ға төмен (2023 ж. 01.12. - 6 895 адам)

1 500 бала 53 млн. теңгеге  қосымша төлем  алды.

Анықтама: АӘК алушылардың жалпы санынан алғанда 63,4 %-ы - аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар; 4,0 %-ы - өтініш берген кездегі жұмыссыздар; 14,2 %-ы - ең төменгі жалақысы бар жұмысшы азаматтар; 12,2% -ы – күтіммен айналысатын адамдар; 6,2%-ы басқалар.

АӘК-тің басты мақсаты - еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту, еңбекке ынталандыру арқылы кедейліктен арылту.

Жыл басынан бері АӘК алушы 525 жұмыссыз жұмыспен қамтылды,  оның ішінде:

- 352 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды;

- 107 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді;

- 11 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді;

- 18 адам біліктілікті арттыру, қайта даярлау және қайта оқыту курстарына жіберілді;

- 11 адам жастар тәжірибесіне жіберілді;

- 26 адамға грант беру түрінде кәсіпкерлік бастамаға жәрдем көрсетілді.

Бұл ретте, жоспарда 81% болғанда «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған еңбекке қабілетті АӘК алушылардың үлес салмағы 94%-ды (2023 ж. 01.12. жағдай бойынша – 85%) құрады.

Дата публикации
31 декабря 2024