Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2025 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Мәселен, Бұйрық жобасының 29-тармағына сәйкес рұқсат алған еңбекші көшіп келушіні тартатын жұмыс беруші еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасында көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі – ЕШЕБЖ АЖ) енгізеді не «hr.enbek.kz» веб-порталында еңбек шартын жасасады.
Бұдан басқа, Министрлік еңбек шарттарды ЕШЕБЖ АЖ-ға міндетті тіркеуді көздейтін «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасы әзірлеген.
Кейіннен ЕШЕБЖ АЖ-ға еңбек шарттарын енгізбеген кезде уақытша тұруға рұқсат алудан бас тартуға әкеп соғады.