Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14 тармағы келесі абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;»
1) енгізілген өзгерістерді аумақтық әділет органында тіркеуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Аудан әкімі Ж. Құсаиын