«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің қаулысы жобасына кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес әзірленді.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздеймейді. Реттеушілік әсерді талдау жүргізу қажет емес.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылдың 5 қыркүйектен бастап 2024 жылдың 19 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болды, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталының сілтемесі
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15193497.
«Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» КММ
басшысы Г. Галиулина