Қаулы жобасы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 31-бабының 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы әкімдігінің
2024 жылғы «__» __________
№ ___ қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдіктің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі
- «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын орнату туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 128 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 40660 болып тіркелген);
- «Азаматтардың бөлек топтарына әлеуметтік көмекті беру Ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 105 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24173 болып тіркелген);
- «Үйде тәрбиеленетін және білім алатын мугедек балалары бар жанұяларға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 273 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26541 болып тіркелген).