Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттiк кодексiнiң 32 бабына, «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк топтамасының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 18 қыркүйектегi № 403 бұйрығына, «Бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) әзiрлеу және бекiту (қайта бекiту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына сәйкес, «2019-2021 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетi туралы» Аққайың аудандық мәслихат сессиясының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 27-1 шешiмiн жүзеге асыру туралы» Аққайың аудан әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 3 сәуiрдегi № 310 қаулысының негiзiнде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң 2019-2021 жылдарға арналған келесi бюджеттiк бағдарламалары бекiтiлсiн:
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басшы О. Әубәкiров
Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 32 бабына, «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік топтамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығына сәйкес, «2017-2019 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджеті туралы» Аққайың аудандық мәслихат сессиясының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №8-1 шешімін жүзеге асыру туралы» Аққайың аудан әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 329 қаулысының негізінде бұйырамын:
1. «Аққайың аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2016-2018 жылдарға арналған келесі бюджеттік бағдарламалары бекітілсін:
1) 463001015 «Аудан аумағында жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты орындау бойынша қызметтер» 1 қосымшаға сәйкес.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басшы
О. Әубәкіров