«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асырылуын мониторингілеу және нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес (2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің бұйрығымен бекітілген), сараптамалық кеңес құрамына кандидаттарды қабылдау туралы хабарлайды.
Сараптамалық кеңестің құрамы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылып жатқан жобалардың нәтижелерін бағалау мақсатында қалыптастырылады.
Сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін кандидатуралар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен қабылданады.
Сараптамалық кеңес мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Анықтама телефоны: 8 (71532) 2-27-76