Смирново ауылы 2025 жыл 31 шілде
Төрағалық етті: С.У. Муканов - Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
Өткізу орны: Народная көшесі 37 мекенжайы бойынша орналасқан, бөлім ғимараты.
Қатысты:
Қоғамдық кеңес мүшесі: А. Н.Тлеубергенов
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы: Макентаева Сулушаш Айтжанқызы.
КҮН ТӘРТІБІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау
ТЫҢДАДЫ:
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы ақпарат
(Е.Х. Дәнебаев – ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы)
Салалар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі анықтаған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды:
1) талдау объектісінің қызметіне қатысты, нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлім қызметкерлерін сыйақымен марапаттау мәселесі. Сыйақы беру – сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады, себебі шешімді бір адам – бөлім басшысы қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат талқыланды және назарға алынды.
Қоғамдық талқылау нәтижелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атына ұсыныстар, ескертулер түскен жоқ.