«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Занының 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттіәк қызмет істері агенттігі Төрағасыныың 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үлгілік қағидалары, субъект Ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізілсін.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу бойынша бұйрықтың қосымшасына сәйкес жұмыс тобы (әрі қарай жұмыс тобы) бекітілсін.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы бағытын анықтау, ішкі талдау жүргізу үлгілік қағидаларының 8 тармағында көрсетілген.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бұйрыққа қол қойған күннен бастап, жалпы мерзімі 2025 жылғы 17 шілдеден 27 шілдеге дейін анықталсын.
  5. Талдау кезеңі 2024 жылғы 1 шілде мен 2025 жылғы 1 шілде аралығы..
  6. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде келісілген талдамалық анықтаманы «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының қарауына ұсынылсын.
  7. Осы бұйрықтың тиісті орындалуын өзіме қалдырамын.
  8. Осы бұйрық қол қойылған күннен қолданысқа енгізіледі.
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Дата публикации
16 июля 2025