Хабарландыру (2)

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ:

«CҚО Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі»  МКҚК директоры, А1-3 санаты,  1 бірлік лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды.

Негізгі  функционалдық міндеттері:

мәдени-демалыс ұйымының қызметіне басшылық жасайды;

шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүзеге асыруды ұйымдастырады;      шолу мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаздар жетекшілеріне арналған семинарларды дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметін бақылайды;

саябақтың аумағында және оның филиалдарында эстрадалық театрларды, кинолекторийлерді, планетарийді, кітапханаларды, би және ойын павильондарын, ойын алаңдарын, коньки, шаңғы және қайық станцияларын, мәдени-тұрмыстық және спорттық құрал-жабдықтарды жалға беру базаларын, әртүрлі көрікті жерлер мен нысандарды ұйымдастырады халыққа, үрмелі-эстрадалық оркестрлерге, көркемөнерпаздар үйірмелеріне, әр түрлі секцияларға қызмет ету үшін бақ пен саябақ шаруашылығының дамуы мен сақталуын қамтамасыз етеді;

оқу құралдарын, сценарийлерді әзірлеу, репертуар құру, осы материалдарды қарау және көркемөнерпаздар үйірмелеріне шығармашылық көмек көрсету үшін білікті мамандарды тартады;      біліктілікті арттыруға жағдай жасайды, қызметкерлердің шығармашылық бастамаларын көтермелейді, ынталандырады;

өндірістік ұйым мен қызметкерлердің еңбек тәртібін, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

         келесі бағыттар бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және / немесе өнер-гуманитарлық ғылымдар және / немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану, кітапханашылық) және / немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-демалыс жұмысы)

Конституцияны; Бюджеттық кодекс; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс;

Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын білуі керек. Басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 02 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылданады:

2024 жылғы 21 қарашадан бастап 2024 жылғы 5 желтоқсанға дейін.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4) еңбек өтілін растайтын құжаттар;

5) «Медициналық анықтама» № 075/у нысан бойынша.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымда)       ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап, 15 жұмыс күні ішінде қолма-қол арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150300, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Желтоқсан көшесі, 7 құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.  Анықтамаларды  8(71532)22776 телефоны арқылы алуға болады.

Конкурсқа  қатысушылар  мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Хабарландыру жариялау туралы
Дата публикации
21 ноября 2024