Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

1.«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ, бас маман, Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мал шаруашылығы саласының ұйымдастыру-технологиялық басшылығын іске асырады. Мал шаруашылығы жайларын, азығын, бастарының пайдалануын жақсарту, мал мен құстың өнімділігінің жоғарылауына бағытталған зоотехникалық шаралардың әзірлеуін және енгізуін қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы дамуының келешек және жылдық жоспарын әзірлеуге қатысады. Мал шаруашылығы жөнінде есеп жүргізу және уақытылы есеп беруді қадағалайды. Құстардың және малдың тұқымдық қасиеттерін жақсарту үшін асылдандыру шараларын бақылау. Есептің жүргізуін, мал шаруашылығы бойынша есептерді дер кезінде құрастырылуын қадағалау. Селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізу. асыл тұқымды мал және селекциялық ірі қара мал, қой, жылқы, шошқа, мал шаруашылық өнімдерін сатып алу жұмысын жүргізу. Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын болжау жоспарларын әзірлеу, мал шаруашылығы мен мал өнімдерін өңдеу бойынша есеп жүргізу және уақтылы есеп беру. Жоғары тұрған органдарға уақтылы есеп беру. Ветеринария саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау мен қадағалау объектілерінің сәйкестігіне бақылау камтамасыз ету, сонымен қатар адамдар мен малдарға жалпы аурулардан халықты қорғау. Басқарудың барлық нысандарының аграрлық секторының даму тенденциясына, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дайындаушылармен, өңдеуші кәсіпорындармен өзара әрекеттестігіне талдау жасау.Агроөнеркәсіптік сектордың дамуын болжау, жоспарларды әзірлеу. Статистикалық ақпаратты жинайды және талдайды. Ауданның ауылшаруашылық құрылымдарына әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін орындау бойынша есептеулер жүргізу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде бөлім басшысының, басшы орынбасарының басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: немесе «Ауыл шаруашығы және биоресурстар» (агрономия, агроинженерия, мал шаруашылығы, жерге орналастыру), немесе «Ветеринария», немесе «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (инженерия және инженерлік іс) бағыттары бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Ауыл орман, балық шаруашылығы және ветеринария» Ауыл шаруашылығы (Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру және мал өсіру (агрономия, зоотехния)), немесе «Ветеринария» (Ветеринария), немесе «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (Инженерия және инженерлік іс (Автокөлік құралдары, теңіз және әуе кемелері (Ауыл шаруашылығын механикаландыру, ауыл шаруашылық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу), Сәулет және құрылыс (жерге орналастыру) бейіндері бойынша рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі талап етіледі.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ, бас маман (негізгі қызметшінің 2022 жылдың 18 қыркүйегіне дейін демалыс кезеңіне), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Шаруа (фермер) шаруа қожалықтары, ауылшаруашылық кооперативтері және халықтың жеке шаруашылықтарында мал мен құстың өнімділігін арттыру үшін мал шаруашылығын өндірудің прогрессивті технологиясын енгізуді, өндірісті жандандыру бойынша шараларды әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастырады. Мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылық ынтымақтастығы және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша облыстың және облыстың жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен өзара әрекеттесу. Мал шаруашылығы, агроөнеркәсіптік ынтымақтастық және жеке қосалқы учаскелерді дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуді және жүзеге асыруды ұйымдастырады. Мал мен құстың өнімділігін арттыруға, мал, жемшөпті және мал шаруашылығын пайдалануды жақсартуға бағытталған зоотехникалық шараларды енгізуді ұйымдастырады. Кездесулерге материалдар дайындайды.
Азық-түліктің бағасына бақылау жүргізу. Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығына қатысты қаулылар жобаларын әзірлеу. Жоғары тұрған органдарға дер кезінде есеп беру. Ауданның мал шаруашылығын дамыту бойынша статистикалық ақпаратты жинау және талдауын іске асырады. Жәрмеңкелерді ұйымдастыру және жүргізуге қатысады. Малдардың денсаулықтарын, мал өнімінен өңделген өнім мен шикізаттың азықтық қауіпсіздігін, аумақтың ветеринарлық-санитарлық әл-ауқатын, адам мен малға жалпы бірдей халықты аурулардан қорғауды және мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау мен қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнама талаптарымен қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің дерекқорын жүргізу. Құжат айналымын және кадрлық жұмысты жүргізу. Азаматтардың ұсыныстарын, арыздарын, хаттарын, шағымдарын қарау мерзімдерін бақылауға жауапты. Құжат айналымын және кадрлық қызметті жүргізу. «E-Qizmet» интеграцияланған ақпараттық жүйесіне құжаттарды уақтылы ұсынуын қадағалау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде бөлім басшысының, басшы орынбасарының басқа да тапсырмаларын орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: немесе «Ауыл шаруашығы және биоресурстар» (агрономия, мал шаруашылығы), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (өндірістік және өңдеу салалары), «Бизнес, басқару және құқық» (құқық) бағыттары бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария» Ауыл шаруашылығы (Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру және мал өсіру (агрономия, зоотехния)), немесе «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» Өндірістік және өңдеу салалары (Тағам өнімдерін өндіру (Тағам өндірісінің технологиясы)), «Бизнес, басқару және құқық» Бизнес және басқару Құқық (құқық)) бейіндері бойынша рұқсат етіледі. Жұмыс тәжірибесі талап етіледі.

Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-R-4» санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) білуге арналған тестер және өзгерістерге басшылық, стратегиялық ойлау, жетекшілік, шешімдерді қабылдау, қызметті басқару, ынтымақтастық және әрекеттестік, жеделділік, өздігінен даму, адалдық, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жауапкершілік, бастамашылдық, стресске орнықтылық деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің интернет-ресурсында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі күнінен бастап есептеледі, 7 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150300, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народный көшесі, 50 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не Akkain-akimat@sko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Анықтамаларды 8(71532) 21664, факс 8(71532) 21159 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Дата публикации
31 января 2024
Дата обновления
31 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
Ақпарат
31 января 2024
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ
31 января 2024
Азаматтардың 2019 жылғы өтініші

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы