Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеу өткізіледі:
- экономика, қаржы, бюджеттік жоспарлау;
Бағалаушы ретінде конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі тиіс.
Бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.
Іріктеуге қатысуға өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 2 маусымынан 2026 жылғы 3 маусымына дейін
үстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеу өткізіледі:
- экономика, қаржы, бюджеттік жоспарлау;
Бағалаушы ретінде конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі тиіс.
Бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.
Іріктеуге қатысуға өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 2 маусымынан 2026 жылғы 3 маусымына дейін
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 85-бабы 2-тармағына, 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
салықтық түсімдер – 2 245 065 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 28 107 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 66 628 мың теңге;
арнаулы түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 1 034 284 мың теңге;
2) шығындар – 3 055 657 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 10 352 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 51 900 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –41 548 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 400 427 мың теңге;
5-1) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) -0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 400 427 мың теңге:
қарыздар түсімі – 51 900 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 348 427 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
1) республикалық бюджетке есепке жатқызылатын ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы;
2) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке төлеген және аударған, арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын дара кәсіпкерлердің кірістерінен алынатын жеке табыс салығы;
4) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
5) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығын қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы;
6) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы;
7) мыналардан:
тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілген тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралы салығын қоспағанда, көлік құралы салығы;
8) мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра қайнату өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдарға арнайы жасалған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішке, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға акциздер;
9) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
10) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығын қоспағанда және мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты суларына және емдік балшықтарға салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
11) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар бергені үшін алым);
12) сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы;
13) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
14) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
15) жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым;
16) жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
17) консулдық алымнан басқа, мемлекеттік баж.
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне төленетін дивидендтер;
аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне төленетін кірістер;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруындағы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншіктен түсетін өзге де кірістер;
2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар;
5) жергілікті атқарушы органдар тартатын гранттар;
6) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін өзге де салықтық емес түсімдер.
1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;
2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруден түсетін түсімдер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы.
Көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «2026-2028 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін бекіту туралы» Аққайың ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.
Көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «2026-2028 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін бекіту туралы» Аққайың ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» қаулысымен айқындалады.
Аққайың ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы akkaiyn.salyq.kz
Аққайың аудандық мәслихатының шешімінің жобасы «Жергілікті өзін-өзі басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің, 109-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген.
Мәслихат шешімі жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге және жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Шешім жобасын әзірлеудің мақсаты-2024 жылы бюджетті сапалы орындау үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаражатты қайта бөлу.
Ағымдағы жылдың 27 маусымында Аққайың ауданы әкімі аппаратының кіші залында «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу» және «Аққайың ауданының мемлекеттік органдары 2023 жылы жіберген мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтарды талдау» тақырыбында семинар өтті.
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Т. Ж. Омаров, камералдық бақылау бөлімінің басшысы А. В. Еремеев, бас маман-мемлекеттік аудитор Д. Ж. Мәжитов баяндама жасады.
Семинарға жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудандық бөлімдер мен ауылдық округтердің бас бухгалтерлері қатысты.
Аққайың аудандық мәслихатының шешімінің жобасы «Жергілікті өзін-өзі басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-бабы сәйкес әзірленген.
Мәслихат шешімі жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге және жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Шешім жобасын әзірлеудің мақсаты-әкімшілер арасында қолма-қол ақшаны қайта бөлу.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14804757
Экономика және қаржы Е. Галыгина
бөлімі басшысы