«Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ (бұдан әрі-Бөлім) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 01 шілдедегі №136 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының бюджеттік ұйымдары үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау туралы» Қаулысына сәйкес мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асырады. Бірыңғай ұйымдастырушының функцияларына «Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекіткен Аққайың ауданының мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыру» кіреді.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы арқылы 49 сатып алу өткізілді және аяқталды, оның ішінде:
- ашық конкурспен -34 сатып алу,
- баға ұсыныстарын сұрату-1 сатып алу,
- рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс - 14 сатып алу