Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі бұйрығымен бекітілген қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына сәйкес № 555, 2024 жылдың үшінші тоқсанында "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"КММ баланс ұстаушысы болып табылатын мемлекеттік мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша электрондық сауда-саттық өткізілді.
12.09.2024 жылы Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында келесі мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттық өтті:
Астраханка ауылында орналасқан су тарату желілері,
Черкасское ауылында орналасқан су тарату желілері мен су мұнарасы,
Токуши ауылында орналасқан су тарату желілері мен су мұнарасы,
Власовка ауылында орналасқан су тарату желілері мен су мұнарасы,
Қаратомар ауылында орналасқан су тарату желілері.
24.09.2024 жылы Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында Смирново ауылында орналасқан екі 18 пәтерлі тұрғын үйдің (қазандық) сыртқы инженерлік желілерін сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттық өтті.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша "Аққайың-Комсервис"ЖШС жеңімпаз болып танылды. Сенімгерлік басқару шарттарына қол қойылды.