Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес ауданның коммуналдық мүлкін жекешелендіру рәсімдері жүргізілді
Жекешелендіруге және аукцион арқылы өткізуге жататын ауданның коммуналдық меншік объектілері Аққайың ауданы әкімдігінің қаулыларымен бекітіледі.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Аққайың ауданының 1 коммуналдық мүлік объектісі жекешелендіруге қойылды:
2011 жылы шыққан Лада маркалы 21074-111-30 автомашинасы, тіркеу нөмірі 306еа15, шанақ № ХТА210740В3109929, түсі сұр. Баланс ұстаушы «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Бағалау құны-762500 теңге, кепілдік жарна-114375 теңге .
26.06.2024 жылы Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында электрондық форматта автомашинаны жекешелендіру бойынша сауда-саттық өтті. Сауда-саттық нысаны-ең төменгі бағаны белгілемей бағаны төмендету әдісін қолдана отырып, электрондық аукцион.
Сату бағасы 265 310 теңгені құрады. Сатып алу-сату шартына қол қойылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартына сәйкес мемлекеттік мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша электрондық сауда-саттық жүргізілді. Беру объектілері ауданның су тарату желілері және инженерлік желілері бар қазандық болып табылады. Қатысушылардың өтінімдерінің болмауына байланысты сауда-саттық өткізілмеді деп танылды. Қазіргі уақытта сенімгерлік басқаруға беру рәсімдерін жүргізу жалғасуда .