Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 12-2 «2024-2026 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған  Аққайың ауданының бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 12-2 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар   енгізілсін:

1-тармақ жаңа  редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджеті                      осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға  сәйкес, оның ішінде 2024 жылға  мынадай  көлемдерде бекітілсін:

  • кірістер – 5625081,9 мың теңге:

салықтық  түсімдер – 1345164,6 мың теңге;

       салықтық емес  түсімдер  - 15453 мың теңге;

       негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 26000  мың теңге;

       трансферттер  түсімі – 4238464,3  мың теңге;

       2) шығындар – 5773934,1  мың теңге;

       3) таза бюджеттік кредиттеу – 48764 мың теңге:

       бюджеттік кредиттер - 83070 мың теңге;

       бюджеттік кредиттерді  өтеу –34306 мың теңге;

       4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

       қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

       мемлекеттің  қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

       5) бюджет тапшылығы (профициті)  -   - 197616,2  мың теңге;

       5-1) Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) -0 мың теңге;

       6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 197616,2  мың теңге:

       қарыздар түсімі - 83070 мың теңге;

     қарыздарды өтеу – 34306,2  мың теңге;

     бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 148852,4 мың теңге.»;

     2-тармақта:

     7) тармақша алып тасталсын;

     8) тармақша  жаңа  редакцияда жазылсын:

     «8) мыналарға:

     Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;

     Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;

     Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға;

     Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;

     Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);

    бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға акциздер;»;

      келесі  мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:

      «10-1. 5-қосымшаға сәйкес аудан бюджетінде  қаржылық жылдың   басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары және 2023 жылы пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) облыстық және республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер есебінен шығыстары көзделсін.»;

       көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің                                             1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

       көрсетілген шешімді 5-қосымшамен осы шешімнің 2-қосымшаға сәйкес  толықтырылсын.

  1.   Осы  шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

2024 жылға арналған Аққайың ауданының бюджеті
Дата публикации
29 апреля 2024