Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі бойынша 2026 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі талдамалық жазба

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі бойынша 2026 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі талдамалық жазба

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес бекітілген «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

2026 жылдың ІІ тоқсанында барлығы 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша:

денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, сондай-ақ ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы беру – 12 қызмет;

аталған санаттағы мамандар мен мемлекеттік қызметшілерге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру – 1 қызмет.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету арналары бойынша:

«Отбасы банк» порталы арқылы – 13 қызмет;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы – 0 қызмет.

2026 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетуден 1 дәлелді бас тарту тіркелді. Бас тарту себебі – өтініш берушінің лауазымы ІІ тоқсанға арналған сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне енгізілмеген.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар арасында ақпараттық буклеттер таратылды.

Ақпарат әлеуметтік желідегі ресми парақшада жарияланды:
https://www.facebook.com/share/p/1Ygv24yUD8/

2026 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі бойынша 2026 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі талдамалық жазба
Дата публикации
15 октября 2026