«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға

аналитикалық АНЫҚТАМАСЫ

 

2026 жылғы 21 қыркүйек                                     Смирново ауылы

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2026 жылғы 2 қыркүйектегі № 183 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) негізінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, аталған бұйрықпен құрылған Жұмыс тобы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бөлім) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – талдау) жүргізді.

Талданатын кезең: 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 1 тамызға дейін.

Талдау жүргізілген кезең: 2026 жылғы 17-21 қыркүйек, 3 жұмыс күні.

Талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Бөлімнің қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
  2. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
  3. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

Бөлімнің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге ішкі талдау жүргізу барысында мыналар зерделеніп, қаралды:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексі;
  • Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 иаиырдағы № 290-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  • Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы;
  • Бөлімнің қызметін реттейтін әкімдік қаулылары, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдері;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалдауға) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерлері мен қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
  • бюджет жоспарлау, бюджетті атқару, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлікті басқару және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер.

Көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді Бөлімнің функцияларын іске асыру барысында қолдануға жүргізілген талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы нормалардың болуына тікелей байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Сонымен бірге талдау барысында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібін реттейтін жекелеген заңнама нормаларын қосымша қарау қажеттілігі анықталды.

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

2.1. Кадрларды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысымдылығы

Талдау барысында Бөлімнің штат саны 8 бірлікті, нақты саны 5 адамды құрайтыны анықталды.

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 3 бос лауазым бар:

Бөлім басшысының орынбасары;

экономика жөніндегі бас маман;

бас маман-бухгалтер.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізу мақсатында қызметкерлерде шектеулердің және мүдделер қақтығысының болуына қатысты мәліметтер зерделенді.

Бөлім қызметкерлерінде жеке кәсіпкерліктің, коммерциялық ұйымдарға қатысудың, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының туындауына әкеп соғуы мүмкін өзге де мән-жайлардың болуы туралы мәліметтер анықталған жоқ.

Талданатын кезеңдегі тәртіптік практиканы мониторингтеу барысында сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігі бар бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бөлім орналасқан ғимаратта қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесі (СКУД) орнатылған. Мемлекеттік қызметшілерге кіру және шығу уақытын тіркеу жүзеге асырылатын жеке сәйкестендіру карталары берілген.

Мүдделер қақтығысын реттеу

Кадрларды басқару қызметіне мүдделер қақтығысының болуына қатысты жүргізілген талдау Бөлімде лауазымды адамдардың жақын туыстарына тікелей бағыныстылығы фактілері анықталмағанын көрсетті.

Сондай-ақ бос лауазымдарға орналасу кезінде мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін аффилиирленгендік фактілері анықталған жоқ.

2.2. Мемлекеттік сатып алу

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» КММ Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының бюджеттік ұйымдары үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 136 «Аққайың ауданының бюджеттік ұйымдары үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы туралы» қаулысына сәйкес функцияларды жүзеге асырады.

Бірыңғай ұйымдастырушының функцияларына Аққайың ауданының мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесі шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жатады.

Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін айқындау кезінде мемлекеттік сатып алудың бәсекелестік тәсілдерін қолдануға бағдарланады.

2025 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде ауданның бірыңғай ұйымдастырушысы мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы 13 мемлекеттік сатып алуды өткізіп, аяқтады, оның ішінде:

ашық конкурс тәсілімен – 10 сатып алу;

рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс тәсілімен – 3 сатып алу.

2026 жылғы 1 қаңтардан 1 тамызға дейінгі кезеңде веб-портал арқылы 88 мемлекеттік сатып алу өткізіліп, аяқталды, оның ішінде:

ашық конкурс тәсілімен – 78 сатып алу;

рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып конкурс тәсілімен – 10 сатып алу.

Өткізілген мемлекеттік сатып алуларды талдау барысында бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын көрсететін мән-жайлар анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде электрондық рәсімдерді, оның ішінде заңнамада көзделген жағдайларда нәтижелерді автоматтандырылған түрде айқындауды пайдалану мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің әлеуетті өнім берушілермен тікелей өзара іс-қимыл жасау деңгейін төмендетеді және тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға ықпал етеді.

Сонымен бірге электрондық рәсімдерді қолдану техникалық ерекшеліктерді қалыптастырудың дұрыстығына, әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптардың негізділігіне, мерзімдер мен рәсімдердің сақталуына, сондай-ақ мүдделер қақтығысының болмауына ішкі бақылау жүргізу қажеттілігін жоққа шығармайды.

2.3. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезінде қойылатын талаптардың сақталуы

Талдау барысында электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін басқа адамдарға заңсыз беру фактілері анықталған жоқ.

2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің қолданысқа енгізілуін ескере отырып, электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы заңнама талаптарын сақтау қажет.

Электрондық цифрлық қолтаңба заңнамада белгіленген талаптар сақталған жағдайда заңдық күшке ие. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа адамдарға беруге, сондай-ақ оны басқа адамдардың пайдалануына жол берілмейді.

Ұсынылады:

электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа адамдарға бермеу;

электрондық цифрлық қолтаңбаға арналған парольдің құпиялылығын қамтамасыз ету;

жабық кілт жоғалған немесе оның құпиялылығы бұзылған жағдайда оны дереу кері қайтарып алуға және жаңа сертификат алуға шаралар қабылдау;

күрделі парольдерді пайдалану және оларды жабық кілт файлдарымен бірге сақтамау.

2.4. Мемлекеттік қызметтер көрсету

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерлері мен қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес тиісті әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет цифрлық ақпараттық ресурстар арқылы және белгіленген мерзімдер мен құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес көрсетіледі.

2025 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде

Көрсетілген кезеңде 42 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

көтерме жәрдемақы алуға – 30 өтініш;

бюджеттік кредит алуға – 12 өтініш.

Қарау нәтижелері бойынша:

30 маман көтерме жәрдемақы алды;

6 маман бюджеттік кредит алды;

бюджет қаражатының жеткіліксіз болуына байланысты 5 маман 2026 жылға кезекке қойылды;

бұрын берілген кредиттер бойынша 90 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешектің болуына байланысты 1 өтініш бойынша бас тарту туралы шешім қабылданды.

2026 жылғы 1 қаңтардан 1 тамызға дейінгі кезеңде

34 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

көтерме жәрдемақы алуға – 31 өтініш;

бюджеттік кредит алуға – 3 өтініш.

27 маманға көтерме жәрдемақы берілді.

Талдау барысында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

2026 жылғы 20 наурызда Аққайың ауданы әкімі аппаратының маманы сыртқы бақылау жүргізді. Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша ескертулер анықталған жоқ.

2.4.1. Үш жылдық мерзімді есептеудегі нормативтік айқын еместікті талдау

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан кейін қайта оралған мамандарға тиісті әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну көзделген.

Бұл ретте ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге келген маманға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімі ол келген (тіркелген) сәттен бастап үш жылға дейінгі ұзақтықпен белгіленетіні белгіленген. Үш жылдық мерзім аяқталғаннан кейін әлеуметтік қолдау алу құқығы тоқтатылады.

Талдау барысында көрсетілген норманы біркелкі қолдануды талап ететін мәселелер анықталды.

Проблемалық мәселе

Ықтимал cыбайлас жемқорлық тәуекелі

Ұсынылатын шешім

Үш жылдық мерзімді есептеудің басталу сәті – нақты келген күні, жұмысқа орналасқан күні немесе тіркелген күні нақты айқындалмаған

Өтініш берушінің құқығын айқындау кезінде норманы әртүрлі түсіндіру мүмкіндігі

Уәкілетті мемлекеттік органнан ресми түсіндірме алу немесе Қағидаларға нақтылау енгізу

Маманның жұмысқа орналасу күні мен тіркелу күні сәйкес келмеуі мүмкін

Үш жылдық мерзімнің басталу күнін әртүрлі айқындау

Заңдық маңызы бар күнді нормативтік түрде белгілеу

Қай тіркеу – тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу немесе болған жері бойынша уақытша тіркеу екені айқындалмаған

Өтініш берушілерге қатысты норманы әркелкі қолдану мүмкіндігі

Норманы қолдану тәртібін нақтылау

Маманды бір ауылдық елді мекен шегінде жұмыс орнын ауыстырған жағдайда мерзімді есептеу тәртібі айқындалмаған

Үш жылдық кезеңнің аяқталуын әркелкі айқындау мүмкіндігі

Уәкілетті органнан ресми түсіндірме алу

 

Ұсыным: Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабының 8-тармағында көзделген үш жылдық мерзімді есептеу мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органға ресми түсіндірме беру туралы өтініш жолдау немесе тиісті Қағидаларға нақтылау енгізуді бастамашылық ету.

Ресми түсіндірме алынғанға дейін өтініштерді қарау кезінде қолданыстағы заңнама нормаларын тікелей басшылыққа алу және тиісті мерзімнің басталу және аяқталу күнін айқындаудың негіздерін құжаттамалық түрде тіркеу ұсынылады.

2.5. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» КММ рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

Осы бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2.6. Коммуналдық меншікті басқару

2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 1 тамызға дейінгі кезеңде мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалдауға) беру бойынша 12 шарт жасалды.

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалдауға) беру Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалдауға) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Мүлікті жалға беруге байланысты рәсімдер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Электрондық форматты пайдалану тиісті ақпараттың жариялылығын, жекелеген рәсімдерді автоматтандыруды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің рәсімдерге қатысушылармен тікелей өзара іс-қимылын азайтуды қамтамасыз етеді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 1 тамызға дейін ауданның коммуналдық меншігі мәселелері бойынша 15 қаулы шығарылды.

Коммуналдық мүлікті жекешелендіру

2026 жылы мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы коммуналдық мүлікті жекешелендіру рәсімдері жүргізілді.

Атап айтқанда:

  1. 2013 жылы шығарылған Skoda Octavia A5 автокөлігі, мемлекеттік тіркеу нөмірі 581ВЕ15, шанақ нөмірі TMWDA41Z9DD151002, түсі сұр.

Баланста ұстаушысы – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ.

Электрондық аукцион 2026 жылғы 9 шілдеде сағат 10:00-де өткізілді.

Сату бағасы – 1 496 000 теңге.

  1. 2005 жылы шығарылған Volkswagen Passat автокөлігі, мемлекеттік тіркеу нөмірі 094AT15, шанақ нөмірі WVWZZZ3BZ5P054751, түсі қара.

Баланста ұстаушысы – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ.

Электрондық аукцион 2026 жылғы 26 тамызда сағат 10:00-де өткізілді.

Сату бағасы – 648 000 теңге.

Жекешелендіру объектілерін сату рәсімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Рәсімдерді электрондық нысанда өткізу өткізілетін сауда-саттық туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ лауазымды адамдардың рәсімдерге қатысушылармен тікелей өзара іс-қимылына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.

Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлік

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына және осындай мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі тиісті қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

2025 жылы есепке тәркіленген мүлік – темекі өнімдері қабылданды:

  • «Oris blue premium blend» темекісі – 21 қорап;
  • «Oris red premium blend» темекісі – 17 қорап;
  • «Sultan» темекісі – 7 қорап.

Көрсетілген мүлік жойылуға жатқызылды.

Тәркіленген мүлікті кәдеге жарату рәсімі мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және экологиялық заңнама талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілді.

Қорытынды: талдау барысында коммуналдық меншікті басқару бойынша негізгі рәсімдер электрондық ақпараттық ресурстар арқылы және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылатыны анықталды. Қаралған рәсімдер барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын көрсететін фактілер анықталған жоқ.

Сонымен бірге рәсімдерді электрондық нысанда өткізу орналастырылатын ақпараттың толықтығы мен дұрыстығына, мерзімдердің сақталуына, құжаттарды дұрыс ресімдеуге және мүдделер қақтығысының болмауына ішкі бақылау жүргізу қажеттілігін жоққа шығармайды.

2.7. Өзге де мәселелер

2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 1 тамызға дейінгі кезеңде Бөлімде «Е-Өтініш» жүйесінде 12 өтініш тіркелді.

Барлық өтініштер заңнамада белгіленген мерзімдерде қаралды.

Олардың ішінде:

  • қанағаттандырылғаны – 10;
  • қанағаттандырусыз қалдырылғаны – 2.

Бөлім басшысының және оның орынбасарының азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі тоқсан сайын бекітіледі.

Азаматтарды қабылдау кестесі және сенім телефоны туралы ақпарат ақпараттық стендте орналастырылған және ресми ақпараттық ресурстар арқылы азаматтардың назарына жеткізіледі.

Ұсыным: жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді тіркеу, қарау және олар бойынша шешім қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерін тиісінше құжаттамалық ресімдеуді қамтамасыз ету.

ҚОРЫТЫНДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» КММ қызметіндегі 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 1 тамызға дейінгі кезеңдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау фактілері, сондай-ақ Бөлім қызметкерлерінің қызметімен тікелей байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Сонымен бірге талдау барысында қосымша бақылауды талап ететін жекелеген нормативтік және ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер анықталды, атап айтқанда:

  1. мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде заңнама талаптарының сақталуы;
  2. электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезінде заңнама талаптарының сақталуы;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібінің сақталуы;
  4. ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың үш жылдық мерзімі туралы норманы біркелкі қолдануды қамтамасыз ету;
  5. коммуналдық меншікті басқару кезінде заңнама талаптарының сақталуы;
  6. өтініштерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарының сақталуы.

Жұмыс тобы осы анықтамаға қол қойылған күннен бастап алты ай ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша берілген ұсынымдардың орындалуына мониторинг және бағалау жүргізсін.

Мониторинг қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда анықталған тәуекелдерді барынша азайту және Бөлім жұмысының ұйымдастырылуын жетілдіру жөнінде қосымша шаралар қабылдансын.

 

 

ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

 

 

Әлпеисов Сағынтай      

Мұхамедиярович

__________       Бөлім басшысы

 

Жамалиева Багила

   Нұртаевна

 

__________         бас маман

Головня Валентина

     Михайловна

__________     коммуналдық меншік

                         жөніндегі бас маман

 

Калина Дарья

  Васильевна

__________     бюджеттік жоспарлау

                          жөніндегі бас маман

 

Гуськова Елена

     Юрьевна

__________ тауарларды, жұмыстарды

                           және көрсетілетін

                         қызметтерді мемлекеттік

                 сатып алу жөніндегі бас маман

 

 

Гулынина Ботагоз

 Сагандыковна

__________   Солтүстік Қазақстан облысы

                        Аққайың ауданы Қоғамдық

                               кеңесінің хатшысы

                                   (келісім бойынша)

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Дата публикации
29 сентября 2026