
Бүгін Мұрат Әбеновтің «Азаматтық сараптама» бағдарламасының тікелей эфирінде «2021 жылы гранттық саясат қалай өзгереді?» тақырыбында талқылау болды. Оған ҚР АҚД министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы М.Қожахмет және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Б. Мукина қатысты.
«Біз гранттық қаржыландырудың мәні болып ҮЕҰ-дың ұсыныстары, өзекті мәселелерді шешудің жолдары болуы тиіс екенін көріп отырмыз, ал мемлекеттің міндеті азаматтар мен ҮЕҰ-дың бастамаларын қолдау болып табылады. Қорытындысында, бұл жоғары тиімді және сапалы нәтиже береді. Қазір жоспарлау кезінде біз қолданыстағы бюджеттік жоспарлау шеңберінде жұмыс істеуге мәжбүрміз, бұл гранттардың нақты есептері мен нақты міндеттерін болжайды.Қалыптастырудағы осындай тәсілді өзгерту үшін қыркүйек айында біз волонтерлік туралы Заңға өзгерістер енгіземіз және ҮЕҰ 2021 жылы бұл процесті өзгерте алуы үшін гранттар бойынша нормаларды енгізуге тырысамыз.Мемлекеттің қандай да бір ережелерді талап етуге түбегейлі ұстанымы жоқ. Біздің міндетіміз: қоғамның пікірін ескере отырып, бұл процесті төреші ретінде реттеу", - деп атап өтті М.Қожахмет.
«Қазіргі уақытта проблемалық мәселелерді шешу үшін гранттық жобалардың ашықтығын арттыру бойынша жаңа тәсілдер пысықталды. Атап айтқанда, сарапшылар тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі регламенттелген. Гранттық жобаларды іске асыру тиімділігін бағалау механизмі бар мониторинг рәсімдері анықталды. Мұның бәрі гранттық қаржыландырудың жаңа Ережелерінің жобасында көрініс тапты» - деп «АБҚО» төрағасы Б.Мукина атап өтті.
Сондай-ақ, бағдарлама барысында өңірлік жобаларды қалыптастыру кезінде өңірлік қажеттіліктерді ескеру қажеттілігі туралы ұсыныстар келіп түсті.
Конкурсты өткізу кезінде ашықтықты арттыру мақсатында жоғары білікті сарапшыларды тарту ұсынылды, бұл ретте гранттарды іріктеу жөніндегі комиссия жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету ұсынылды.
Сарапшылардың сөз сөйлеулерінде ҮЕҰ гранттарының ашықтығы мен тиімділігіне баса назар аударылды.