
Казақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес гранттық жобалардың бағыттары қалыптастыру үшін ҮЕҰ-дан және қоғам өкілдерінен ұсыныстар жинақтау жұмыстарының жүргізілуі басталғанын хабарлайды.
Ұсыныстар келесі бағыттар бойынша жіберіледі:
Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын дамыту;
Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
Медиация жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету;
Қайырымдылықты дамытуға және үйлестіруге қолдау көрсету;
Волонтерлік қызметті дамыту;
Ауылда азаматтық бастамаларды дамыту;
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту;
Ұсыныстарды тиісті нысан бойынша байланыс деректерін міндетті түрде көрсете отырып, a.mukhamedzhanov@mki.gov.kz электрондық мекенжайына жіберуге болады (хат тақырыбында «ҮЕҰ гранттық жобаларының бағыттары бойынша ұсыныс» жазбасын көрсетуіңізді сұраймыз).
Ұсыныстарды қабылдау 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады
Қосымша ақпаратты мына нөмірлер арқылы алуға болады: 8 (7172) 74 07 41, 8 (7172) 74 05 11
2025 жылға арналған ҮЕҰ гранттық жобалары бағыттары бойынша ұсыныстар
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі