«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы туралы

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы туралы

2017 жылғы 23 мамырда ҚР Үкіметінің отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы қаралды.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев баяндама жасады. Уәкілетті орган басшысы ұсынылған Заң жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

Министрдің айтуы бойынша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механизмі

10 жылдан аса жұмыс істейді, қаржыландыру көлемі ұлғайды. «Жалпы, республика бойынша 9 млрд. теңгеден аса бөлінеді, оның ішінде 84 %-ын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Алайда, ҮЕҰ-ның шарт міндеттемелерінуақтылы және сапалы орындамау және т.б. жағдайлар орын алады» - деп мәлімдеді министр. 

Атап айтқанда, заң жобасымен «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру» және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қорытындыларын бағалау» деген жаңа ұғымдарды енгізу ұсынылады.

Тұтастай алғанда,мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру – бұл мемлекеттік органның құзыреттілігіне сәйкес белгілі бірқызмет саласындағы жағдайды талдау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау, негіздеу және бюджеттік тапсырысқа енгізу кезеңдерінен тұратын процесс.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезінде ең маңызды құралдардың бірі қызмет көрсетулердің сапасын, жағдайларын, мазмұнын, бағалаудың өлшемшарттарын белгілейтін үкіметтік емес ұйымдардың көрсететін қызметтерін стандарттау болып табылады.

Министрлікүкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында көрсетілетін қызметтің барлық түрлеріне талдау жүргізді. 6 түрлі стандарт ұсынылады. Олардың ішінде: орталықтардың жұмысын ұйымдастыру, іс-шаралар өткізу, оқыту, консультациялық, зерттеу, ақпараттық және әдістемелік қызметтер көрсету.

Мемлекеттікәлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалаупроцестерін енгізу жоспарлануда,жобаның тиімділігін анықтауға және халықтың көрсетілген қызмет сапасына қанағаттанушылық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде іске асырылатын  әлеуметтік жобалар тақырыптарын әзірлеупроцесі барысында, тұтастай алғанда, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдармен қоғамның өзара

іс-қимыл жүргізуінің жаңа практикасын енгізу көзделеді. ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету Министрліктің қолданыстағы интернет-ресурсында (https://infonpo.kz/) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жаңа айдар құру арқылы жоспарланады.

Заң жобасының екінші бөлімі Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтерді ұсынатын ұйымдардың тізбесін оңтайландыруға бағытталған.

Министрдің айтуы бойынша, Заң жобасының әзірлеу барысына Министрліктің жанында құрылған арнайы жұмыс тобы қатысты. Жұмыс тобының құрамына Парламентаризмді дамыту қорының (З. Батталова), Азаматтық қоғамдық дамыту қауымдастығы (Ж. Асанова), Коммерциялық емес құқығының халықаралық орталығы

(Г. Кужукеева), «Ардагер» ҚҚ (Б. Ахметжанова), Еуразиялық құқық қорғау орталығының(Е. Нұрғалиева), «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің(Д. Рахметуллин) өкілдері және т.б. кірді.

2017 жылғы мамыр айында заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісіне енгізілетін болады.