Министрлік жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

 Министрлік жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Жастар саясатын бағалайтын тәуелсіз сарапшыларды шақыру ұсынылды.

2017 жылғы 31 мамырда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесіҚазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы  консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес құрамына жастар ұйымдарының жетекшілері мен6 мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Үйлестіру кеңесінің мақсаты - және жастар ұйымдарына қатысты олардың қызметін жетілдіру үшін барынша жақсы жағдай жасайтын бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерге негізделген жүйелі саясатты қалыптастыру.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі  Нүкенов Абзал Нүкенұлы,мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары, «Жастар» ҒЗО жетекшісі мен сарапшылар қатысты.

Отырыс басында жиналғандар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Іс-шара аясында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері, сондай-ақ 2017 жылға арналған жастар бастамаларын қолдау шаралары туралықаралды.

Өз кезегінде вице-министр А. Нүкенұлыбұдан әрі Кеңес отырысына тәуелсіз сарапшыларды шақыру үдерісін енгізуді ұсынып:  «Бұл жастар саясаты саласында біздің қызметімізді сапалы бағалауға және осы бағыттағы шараларды неғұрлым тиімді жүргізуге мүмкіндік береді» - деді.

Кеңес отырысында шара қонағы саясаттанушы С. Бейсенбаев сөз сөйлеп, бүгінгі таңда жастармен жұмыс істейтін жаңа орталықтандырылған модель құру қажеттілігі туралы өз пікірін білдірді.

Отырыс соңында үйлестіру кеңесінің мүшелері Ақмола облысының Ақмол ауылындағы Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қою рәсіміне барды.