Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҮЕҰ мен азаматтарды шағын отандарының өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысуға шақырады

 Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҮЕҰ мен азаматтарды шағын отандарының өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысуға шақырады

2017 жылдың 16 тамызында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкеновтың төрағалығымен селекторлық отырыс өтті. Оған облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында әлеуметтік салалардағы түрлі бағыттармен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың 200-ге жуық өкілдері қатысты.

Отырыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, ҮЕҰ үшін сыйлықақы тағайындау, сонымен қоса азаматтық сектор үшін ҮЕҰ мәліметтер базасын алдын ала презентациялау мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында А.Нүкенов Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты шеңберінде іске асырылып жатқан, «Атамекен» бағдарламасы туралы баяндады.

«Жалпы, «Атамекен» шағын бағдарламасы азаматтарды шағын отандарындағы өзекті мәселелерді шешу үшін өздерінің күштерін біріктіру мен белсенділендіруге бағытталған. ҮЕҰ мен азаматтарды оны іске асыруға белсенді қатысуға шақырамын» - деп атап өтті А.Нүкенов.

Министрлікпен шағын бағдарлама шеңберінде 2 негізгі бағыт пысықталуда: біріншісі, «Әлеуметтік бастамалар картасы», бұл меценаттың, мемлекеттік органдардың, бизнестің, волонтерлердің, ҮЕҰ мен азаматтардың қатысуын қажет ететін аймақтық жобалардың ашық интерактивті базасы болып табылады. Бүгінгі таңда, Картаға аймақтардың ұсыныстарының негізінде 83 жоба енгізілді. Жобаның презентациясы а.ж. қазан айында өтеді.

Екіншісі, тұрғындарды, бизнес-құрылымның өкілдерін, меценаттарды, ҮЕҰ мен волонтерлерді шағын отандарын, сонымен бірге тұтастай мемлекетті дамытуға қатысуға ынталандыру, марапаттау және уәжделендіруге бағытталған «Жомарт жүрек» жобасы.

ҮЕҰ өкілдері «Әлеуметтік бастамалар картасы» жобасына қызығушылық танытып, осы жобаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді және оларды одан әрі іске асыру жөнінде пікірлерімен алмасты.

Сонымен қоса, отырыс барысында ҮЕҰ-ға infonpo.kz - ҮЕҰ-дың мәліметтер базасының онлайн-порталы ұсынылды. Интернет-порталдың презентациясы осы жылдың күзіне жоспарлануда.

Сонымен бірге, іс-шарада ҮЕҰ сыйлықақы тағайындау бойынша ҮЕҰ-ды қызықтыратын мәселелер талқыланды. ҮЕҰ сыйлықақы тағайындау үшін ұсыныстар 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданатынын ескертеміз. Толық ақпарат министрліктің din.gov.kz сайтында орналасқан.