Қоғамдық кеңестердің қызметін БІРГЕ дамытайық!

 Қоғамдық кеңестердің қызметін БІРГЕ дамытайық!

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті 2017 жылы 25 қыркүйекте өткен «Қоғамдық кеңестер: әрекет ету мәселелері және көкжиектері» атты республикалық конференцияның нәтижесінде қоғамдық кеңестердің қызметі мен заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды жинап жатқандығын хабарлайды.

Ұсыныстарды міндетті түрде «Қоғамдық кеңестер» атауымен Комитеттің kdgo2017@post.kz электронды мекен жайына 2017 жылғы 16 қазанға дейінжолдауларыңыз қажет.

Қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар топтамасын жинауға қатысты барлық ұсыныстар қоғамдық кеңестер, сараптамалық қауымдастық, ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатарындағы Жұмыс тобымен қаралатын болады.

Заңнамалық түзетулер жиынтығы 2017 жылғы қарашадағы Қоғамдық кеңестердің І Республикалық Мәжілісіне жолданатын болады.