Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдарды қалыптастыру бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

 Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдарды қалыптастыру бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

2017 жылғы 24 қазанда қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдарды қалыптастыру бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қоғамдық кеңестер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді.

Алғашқы отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары С.Сейдуманов және Е.Құдайберген, «Аймақ» ҚҚ басшысы А. Соловьева, Коммерциялық емес құқықтың халықаралық орталығының (ICNL) өңірлік құқықтық кеңесшісі А. Қаптаева, «Сандж» зерттеулер орталығының директоры Ж.Джандосова, «Дамудың ұлттық және халықаралық бастамалар институты» ҚҚ директоры С.Ушакова, Солтүстік Қазақстан облысының Қоғамдық кеңес мүшесі, «Жергілікті өзін-өзі басқару орталығы» ЖҚ директоры С.Худяков, Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңес мүшесі О.Чернышев және т.б. қатысты.

Жұмыс тобының мүшелері  республикалық және өңірлік қоғамдық кеңестерді жетілдіру, сондай-ақ бұл қызметті жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жасау мәселелері талқылады.

Жұмыс тобының ұсыныстары 13 қарашада Астана қаласында өтетін Қоғамдық кеңестердің  I Республикалық Мәжілісінде айтылатын болады. Мәжіліс қоғамдық бақылау мен мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға азаматтырдың қатысуын іске асыру үшін қоғамдық кеңестердің, депутаттық корпустың, қазақстандық және халықаралық сарапшылардың, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының күштерін жұмылдыру мақсатында өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Қоғамдық кеңестер: қызметінің мәселелері мен келешегі» республикалық конференциясының (Карағанды, ү.ж. 25 қазан) қорытындысы бойынша, қатысушылар қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдарды қалыптастыру бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды.

Бүгінгі таңда қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша  ұсыныстар пакетін үшін қалыптастыру халықаралық және қазақстандық сарапшылардан, мемлекеттік органдардан, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен ұсыныстар жинақталуда.