Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан жастар Конгресін 15 жылдығымен құттықтады

 Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан жастар Конгресін 15 жылдығымен құттықтады

Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Н. Нүкенов Қазақстан жастар Конгресін 15 жылдығымен құттықтап, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Б. Ермекбаевтың атынан құттықтау хатын табыстады.

Құттықтау хатта: «Конгресс қызмет істеген жылдар ішінде еліміздің алдында тұрған өршіл жоспарларды іске асыруға дайын дарынды, нағыз бастамашыл тұлғалардан тұратын ұжымды қалыптастырған еліміздің көрнекті және орасан зор жастар ұйымы бола білді», деп айтылған.

Қазіргі таңда Қазақстан жастар Конгресі жас ұрпақты тәрбиелеуге және қолдауға бағытталған жастар саясаты саласында әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыратын ұйым ретінде маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, вице-министр А.Н. Нүкенов Қазақстан жастар Конгресіне өз алғысын білдірді, сондай-ақ осы бағытта бұдан әрі жемісті жұмыс атқаруына қолдау көрсетуге дайын екіндігін айтып өтті.

13-15 қазан аралығында Атырау қаласында Конгрестің
15 жылдығына арналған «Қазақстан жастар Конгресі күндері» өтті. Іс-шараның басты қонақтары - Қазақстан жастар Конгресінің төрағасы Д.Н. Назарбаева, Атырау облысының әкімі Н.А. Ноғаев болды.

Анықтама: «Қазақстан жастар Конгресі» - 15 жыл бойы жастар мен мемлекет арасындағы диалогтың маңызды бөлімі ретінде, елдің ең ірі шоғырландырушы жастар ұйымы болды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жастарды біріктіретін бірыңғай ұйымын құру бастамасын алғаш рет 2001 жылы ұсынды. 2002 жылы ІІ республикалық жастар Конгресінде «Қазақстан жастар Конгресі» ЗТБ-сы құрылды және оның құрамына 100-ден астам жастар ұйымы кірді.