Орта мерзімді гранттарды жалғастыру үшін міндеттер мен ұсынымдар берілді

Орта мерзімді гранттарды жалғастыру үшін міндеттер мен ұсынымдар берілді

Орта мерзімді гранттарды жалғастыру үшін міндеттер мен ұсынымдар берілді

Бүгін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлбара Сұлтанованың және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Лима Диастың қатысуымен орта мерзімді гранттардың гранталушыларымен үш жақты кездесулер өтуде.

Кездесулер қайырымдылықты, медиация саласын, қоғамдық кеңестерді, ҮЕҰ әлеуетін (ҮЕҰ академиясы) дамыту, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі жобалар бойынша өтуде.

 Онлайн кездесулер барысында ҮЕҰ өкілдері ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарларымен таныстыруда. Өз кезегінде Комитет пен Оператор өкілдері тарапынан жобаларды одан әрі іске асыру үшін басым бағыттар мен міндеттер, мақсаттар, сондай-ақ ұсынымдар атап өтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша өткен жылдары іске асырыла бастаған 28 орта мерзімді және 16 ұзақ мерзімді грант ағымдағы жылы одан әрі жалғастырылуда.