Қазақстанда тұңғыш рет қоғамдық кеңестердің Республикалық мәжілісі өтеді

 Қазақстанда тұңғыш рет қоғамдық кеңестердің Республикалық мәжілісі өтеді

13 қараша күні Астана қаласында қоғамдық кеңестердің  I Республикалық мәжілісі өтеді.  Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 500 делегат қатысады, оның ішінде қоғамдық кеңестердің төрағалары,  Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының және Парламентінің депутаттары, сарапшылар, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. 

Іс-шараны  Қазақстан Республикасының  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі  ұйымдастырып отыр.

 Қоғамдық кеңестің бірінші республикалық мәжілісін өткізудегі басты мақсат - қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша оң тәжірибе мен ұсыныстарды ортаға салу,  сондай-ақ қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың одан әрі ынтымақтасу тетіктері мен бағыттарын анықтау болып табылады.  

Қазақстанда  Қоғамдық кеңестер 2016 жылы мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогтың нысаны ретінде құрылды. Аталған мемлекеттік емес институттар - мемлекеттің ісіне қоғамның ықпалын тигізуге бағытталған ұйымдастырушылық мүмкіндіктерді қалыптастыруды көздейтін,  сондай-ақ,  мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың ашықтығын арттыруға арналған консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда республикалық және жергілікті деңгейде 229 қоғамдық кеңес өз қызметін жүзеге асыруда  (Олардың 16-ы республикалық деңгейде, 213-і өңірлік деңгейде жұмыс істейді). Еліміз бойынша Қоғамдық кеңестердің құрамына 4 055 адам мүше, оның 818-і үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері.