Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаевтың Жолдаудын талқылау бойынша ҚР ДІАҚМ Азаматтық қоғам істері комитетінде кездесу өтті

 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаевтың Жолдаудын талқылау бойынша ҚР ДІАҚМ Азаматтық қоғам істері комитетінде кездесу өтті

2018 жылғы 25 қаңтарда  «Нұр Отан» партиясы өкілдерімен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаудын талқылау бойынша кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Дін істері және Азаматтық қоғам министрігі Азаматтық қоғам істері комитетінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ қызметкерлері қатысты.

Кездесуде Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Ершов, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова және «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Кожахметов сөз сойледі.

Спикерлер ұлттық сананы тиімді жанғыртуға ықпал тигізетін Жолдаудың басты бағыттары мен міндеттеріне түсініктеме берді. Өз кезегінде Шыңғысхан Кожахметов «Нұр Отан» партиясының барлық мүшелерін Жолдауда атап көрсетілген 10 міндетті іске асыруда бар күштерін салуға шақырды.

Азаматтық қоғам істер комитетінің төрайымы Ә.Ғалымова  Төртінші өнеркәсіптік революция эрасында елдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінің басты құндылығы мен іргетасы азаматтық бейбітшілік, этносаралық және конфессияаралық келісім болып табылатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, адами капиталға қатысты Жолдаудың мағынасы туралы баяндады. «Президент атап өткендей, «Біздің қоғамымыздың идеалы – өз тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманауи, шет тілдерін жетік меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық болуы тиіс. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Атамекен» кіші бағдарламасының шеңберіндегі бастамашыл жобалары осындай заманауи қазақстандықтың бейнесін қалыптастыруға бағытталған.  Министрлік «Әлеуметтік бастамалар картасы» / «Карта социальных инициатив интерактивті платформасы жобасын іске асыруда. Сонымен қоса,  нағыз азаматтық қоғамды қалыптастыруға және адами капиталды дамытуға үкіметтік емес ұйымдар мен Қазақстанның азаматтары өз үлестерін қосуда» - деп атап өтті Ә. Ғалымова.