Нұрлан Ермекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық бастамалардың II Конгресіне қатысты

 Нұрлан Ермекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық бастамалардың II Конгресіне қатысты

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Азаматтық бастамалардың  II Конгресінің жұмысына қатысты.

Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, ғылым саласы мен іскер топтардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері, ҚР Мемлекеттік хатшысы,  Парламент депутаттары мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев өз сөзінде БҰҰ-ның жемқорлыққа қарсы конвенциясына сәйкес, сыбайлас жемқорлық факторларын еңсеру тек мемлекет үшін ғана емес, барлық азаматтық институттар үшін де маңызды міндет екенін атап өтті.

Министрдің айтуынша, жемқорлыққа қарсы мықты иммунитет қалыптастыру үшін құқықтық сауаттылықты, ашықтықты, бюджеттік процестерді қоғамдық реттеуді, сондай-ақ есеп беру мен ашықтықты нығайтуға бағытталған кез келген шаралар маңызды болып табылады.

Нұрлан Ермекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты дамытуға қосқан үлестері үшін белсенді азаматтарға, ҮЕҰ, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық кеңестер, саяси партиялар, діни бірлестіктер, кәсіподақтардың өкілдеріне алғыс айтты.

Конгрестің негізгі міндеті – барлық деңгейде, әрбір елді мекенде және ауылдық округтерде жүзеге асырылатын қоғамдық бақылаудың  негізгі қағидаларын бекіту болып табылады.