ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің Наурыз мейрамымен құттықтауы

 ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, ырыс-береке мен бірліктің мерекесі. Халқымыз оны қашанда биік көңілмен, ерекше ықыласпен қарсы алады.

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз шаңырақтарыңызға шаттық пен толағай табыс әкелсін!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін!

Құрметпен,

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі                                                      

Нұрлан Ермекбаев