Вице-министр Абзал Нүкенов Қазақстандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының жетекшісімен кездесті

 Вице-министр Абзал Нүкенов Қазақстандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының жетекшісімен кездесті

20 сәуір күні ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов Қазақстандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының жетекшісі Виктор Нефедовпен кездесті. Іс-шараға Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің кеңесшісі Андрей Хренков қатысты.

Кездесу барысында вице-министр орталық жетекшісін   Министрлік қызметінің негізгі бағыттары, мақсаттары мен алдағы жоспарлары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, А. Нүкенов азаматтық қоғам институттарымен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған азаматтық қоғам институттарының әлеуетін арттыру және мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстар туралы әңгімеледі.

Іс-шара шеңберінде тараптар жастар саясатын жүзеге асыру саласында ресейлік жоғары оқу орындарымен және ғылыми институттармен ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Кездесу соңында қазақстандық тарап әріптестерін 2018 жылдың қыркүйегінде Алматыда өтетін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің  Жастар форумына қатысуға шақырды.  Форум аясында Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастығы күнін өткізу жоспарланған.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірді.