
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн баға жетпес байлығымыз – ырысты ынтымағымыз бен берекелі бірлігімізді паш ететін күн.
Еліміздің толағай табыстары мен жетістіктері ұлттық және діни көзқарастарына қарамастан ұлт болып ұйысып отырған халқымыздың мызғымас еңбегінің жемісі.
Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді барынша нығайту әрқайсымыздың басты міндетіміз. Біз күш-жігерімізді осы жолда біріктіру арқылы ғана мемлекетіміздің одан әрі дамуына жағдай жасай аламыз.
Осынау мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке мен игі бастамаларыңызға табыс тілеймін!