АЭФ шеңберінде сарапшылар ҮЕҰ дамуының заманауи трендтерін талқылайды

 АЭФ шеңберінде сарапшылар ҮЕҰ дамуының заманауи трендтерін талқылайды

Астаналық экономикалық форумы алаңында алғаш рет азаматтық сектордың замануи жаһандық тенденцияларының негізгі аспектілері, жаңа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктері талқыланатын болады.

2018 жылғы 18 мамырда Астаналық экономикалық форумы «Global Challenges Summit» аясында «Азаматтық қоғамның болашағы. Жаңа азаматтық белсенділік» атты панельдік сессиясы өтеді.

Азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша жеке панельдік сессия өткізу  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасы болып саналады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған дейін аталған шара аясында тек экономикалық аспектілер қарастырылса, биыл Форум алаңында ҮЕҰ дамуының заманауи трендтері талқыланатын болады.

Панельдік сессия жұмысында таяу және алыс шетелдердің, сонымен қоса Қазақстанның барлық аймақтарынан үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, саясаттанушылар, сарапшылар қатысатын болады.

ҮЕҰ, әлеуметтік кәсіпкерлік дамуының заманауи трендтері және Қазақстандағы азаматтық белсенділіктің формалары туралы белгілі сарапшылар баяндайтын болады. Атап айтқанда, «ТАЛАП» қолданбалы зерттеу орталығының басшысы Рақым Ошақбаев, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» қоғамдық қорының басшысы Меруерт Махмутова, «Экономиканың жоғары мектебі» ҒЗУ Азаматтық қоғам мен үкіметтік емес секторды зерттеу орталығының басшысы Ирина Мерсиянова (Мәскеу қ.,Ресей), AlmaU университетінің ректоры Гүлмира Кұрғанбаева, саясаттанушы Саясат Нұрбек сөз сөйлейді деп күтілуде.

Іс-шара қатысушыларына іске асырылған инновациялық жобалар және азаматтық қоғам саласындағы үздік тәжірибелер таныстырылады.