Дархан Кәлетаев Орталық Азия бойынша адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының өңірлік өкілімен кездесті

 Дархан Кәлетаев Орталық Азия бойынша адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының өңірлік өкілімен кездесті

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өңірлік өкілі Ришард Комендамен кездесті.

Диалог барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ институттарының, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасымен қарым-қатынастың келешегін талқылады және одан әрі ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

Дархан Кәлетаев дін және азаматтық қоғам саласындағы мемлекеттік саясат туралы әңгімелеп, сондай-ақ,  діни қызмет және коммерциялық емес ұйымдардың мәселелері бойынша заң жобаларына нақты тоқталып өтті.

Министр дін және сенім бостандығы адамның негізгі құқықтары болып табылатынын атап өтті және осы саладағы заңнаманы жетілдіру үрдісінде БҰҰ-ның негізгі құрылымдарының бірімен тиімді өзара іс-қимыл жасауға сенім білдірді.

Тараптар елдегі адам құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық танытты.