Денсаулық сақтау министрлігі: ҮЕҰ xалық денсаулығын қорғауда маңызды серіктестік ретінде танылады

 Денсаулық сақтау министрлігі: ҮЕҰ xалық денсаулығын қорғауда маңызды серіктестік ретінде танылады

2018 жылғы 25 мамырда Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің азаматтық сектордың өкілдерімен денсаулық сақтау шеңберіндегі "Халықты дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру" және "Медициналық қызмет көрсетудің сапасы" атты маңызды талқылауы бойынша кездесуі болып өтті.

Аталған шараға ҚР ДСМ Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Үйлестіру және қоғамдық кеңесінің мүшелері және әртүрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиналған қауым алдында сөз алған министр ҮЕҰ-мен серіктес болу Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі үшін маңызды және Үкіметтік емес ұйымдар мемлекетіміздің әлеуметтік-мәдени, саяси, экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын алға тартты.

Сондай-ақ, министр алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жаңғырту шеңберінде былтырғы жылы отбасылық медицина қызметі қайта жанданғанын, жалпы тәжірибелі дәрігерлердің учаскелік қамтуы 12%-ға ұлғайтылғанын, жалпы тәжірибелі дәрігерлердің саны артылғанын xабарлады. Жалпы тәжірибелі дәрігерлерді дайындау бағдарламасы қайта қаралды. Сонымен бірге, 0 ден 6 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында педиаторлық учаскелерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылы 149 жаңа педиаторлық учаскелер құрылғанын айтты.        

«Министрлік триаж жүйесін енгізумен стационардағы қабылдау бөлімдерінің қызметін және көп профильді стационарда емделушінің кез-келген профилін қабылдауға дайындығының жаңа форматын реттеді. Қабылдау бөлімдерінің жағдайында жаңа дәрігерлік мамандығы енгізілетін болады-бұл заманауи жедел медициналық көмек көрсетуге арналған қабылдау бөлімінің дәрігері» деді министр.

Бұған қоса, министр барлық дәрілік заттардың бағасын реттеу жөніндегі жаңа заң жобасы әзірленіп, Парламенттің қарауына енгізілгенін айта кетті. Жаңа жобаны енгізудің негізі нәтижесі дәрілік заттардың экономикалық (баға) қолжетімділігін арттыру, қауіпсіздік, тиімділік, дәрі-дәрмек сапасының және медициналық бұйымдардың кепілі, медициналық препараттарды рационалды тағайындау, сатып алу жүйесінің ашықтығы болып танылады», - деді Елжан Біртанов.

ҮЕҰ - xалықтың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насиxаттау және медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ету аясында таптырмас серіктестік.

«Мемлекеттік органдар Азаматтық қоғам институттарымен бірігуді күшейтпеген жағдайда еліміз үшін бірден-бір маңызды стратегиялық реформалар толық жүзеге асырылмайды және жемісті нәтижесін бермейді. Мықты мемлекет мықты азаматтық қоғаммен серіктес болуын қалайды», - деп өз ойын қорытындылады Елжан Біртанов.       

Анықтама үшін: 2018 жылы 4624 ҮЕҰ-ның 259 (6% жуығы) ҮЕҰ азаматтардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насиxаттау бағыты бойынша жұмыс істейді. Денсаулық сақтау министрлігі түрлі бағыттар бойынша ҮЕҰ-мен өзара әріптестік қатынаста: бұл құрамында 10 азаматтық қоғамның өкілі кірген (70%) қоғамдық кеңестің жұмысы, 2015 жылдан бері құрамына 43%-ға жуық ҮЕҰ өкілдері кірген (азаматтық сектордың 20 -ға жуық ұйымы) медициналық қызметтің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы өз қызметін жүргізуде. Министрлік жыл сайын Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастырады.

http://www.mz.gov.kz