Мемлекет басшысының Жолдауындағы қоғамдық бақылау мәселелері жөніндегі негізгі ережелерді талқылау

Мемлекет басшысының Жолдауындағы қоғамдық бақылау мәселелері   жөніндегі негізгі ережелерді талқылау

Бүгін «Мемлекет басшысының Жолдауындағы қоғамдық бақылау мәселелері жөніндегі негізгі ережелерді талқылау» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті.

Отырысқа Марат Башимов, Дархан Мыңбай, Шыңғыс Лепсібаев, Бану Нұрғазиева секілді орталық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің төрағалары мен белсенді мүшелері, сондай-ақ отандық сарапшылар қатысты.

Спикерлер Мемлекет басшысының Жолдауын, оның ішінде қоғамдық кеңестер жұмысының тиімділігін арттыру және қайта форматтаудың маңыздылығы туралы мәлімдемені талқылады. Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестер – 2022» Ұлттық баяндамасы жобасының нәтижелері таныстырылды.

ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Гүлбара Бекетқызы Сұлтанова кіріспе сөз сөйлеп:

- «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Мемлекет басшысының Жолдауында қоғамдық кеңестердің қызметін қайта қалыптастыру бойынша міндет қойылды. Құрылымдық өзгерістер мен саяси трансформация абсолютті көпшілікпен бөлісетін идеялық платформа мен Біртұтас мағыналар мен құндылықтар кеңістігін қалыптастыруды талап етеді. Біз жай ғана уақытпен бірге қадам басып қоймай, сонымен бірге ұлттық басымдықтар мен жаһандық үрдістерге негізделген өзіміздің, қазақстандық жолымызды жасауға тиіспіз,- деп атап өтті.

Өз кезегінде, кездесу модераторы Елдос Жұмағұлов:

- Қазіргі уақытта қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы көптеген мәселелер бар, өйткені олар Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды құралына айналды. Қоғамдық бақылауды күшейту үшін олардың мәртебесін арттырған жөн» - деп пікір білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігін арттыру үшін арнайы ұсынымдар әзірленді.