Министрліктер мен агенттіктер басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен 16 кездесуі өтті

Министрліктер мен агенттіктер басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен 16 кездесуі өтті

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында X Азаматтық форум қарсаңында 12-19 қараша аралығында министрліктер мен агенттіктер басшыларының азаматтық қоғам өкілдерімен 16 салалық онлайн-кездесуі өтті.
Бұл Қазақстанның алғашқы Азаматтық форумы өткізілген 2003 жылдан бастап орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен азаматтық қоғам қатысушыларының тақырыптық кездесулерінің рекордтық саны.
Айта кетейік, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыруда халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуге және әрекет етуге мүмкіндік береді.
Онлайн-кездесулер ҚР АҚДМ Facebook әлеуметтік желісіндегі арнайы парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Министрлер, агенттіктер төрағаларының, вице-министрлердің 16 кездесуінің онлайн-форматы Қазақстанның барлық өңірлерінен 1000-нан астам азаматтық қоғам өкілдерін (ҮЕҰ, бизнес, БАҚ, квазимемлекеттік сектор) тіркеуге мүмкіндік берді, олар өздерін толғандыратын сұрақтарды тікелей қоюға мүмкіндік алды. Facebook-тегі тікелей эфирлерді қамту шамамен 4000 қаралым берді.
Жалпы, министрліктер мен агенттіктердің бірінші басшыларымен кездесулердің барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, денсаулық сақтау, экология, білім беру, азық-түлік қауіпсіздігі, қылмысқа қарсы күрес, цифрлық технологияларды пайдалану және т. б. салаларда мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы бойынша мәселелер талқыланды.
Барлық министрлер, агенттіктердің төрағалары биылғы жылы енгізілген заңнамалық түзетулердің арқасында өз өкілеттіктерін кеңейткен қоғамдық кеңестер жұмысының маңыздылығын танитыны маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, X Азаматтық форум Нұр-Сұлтанда 22-24 қарашада онлайн-форматта басталып, Алматыда 25-26 қарашада офлайн-форматта жұмысын жалғастырады.
Форумның іс-шаралары демократиялық процестерді дамыту, Қазақстанда БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ қоғамның, мемлекет пен бизнестің оларға қол жеткізудегі негізгі міндеттеріне арналады.

Онлайн трансляциялардың жазбасы сақталған сілтемелер:
1. ҚР Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиевпен кездесу: https://youtu.be/CGu6yRXKx9Y 
2. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановпен кездесу: https://fb.watch/9nmyaVbfyp/ 
3. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевпен кездесу: https://fb.watch/9nmBia_u60/ 
4. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашевпен кездесу: https://fb.watch/9nmCXKem-x/ 
5. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесу: https://fb.watch/9nmEk_rYOb/ 
6. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесу: https://fb.watch/9nmFl57ub0/ 
7. ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевпен кездесу: https://fb.watch/9nmGLGDb1j/ 
8. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинмен кездесу: https://fb.watch/9nmIbTScf2/ 
9. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевпен кездесу: https://fb.watch/9nmJcN6PQ_/ 
10. ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановпен кездесу: https://fb.watch/9nmKvqhIx0/ 
11. ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовпен кездесу: https://fb.watch/9nmM3KbLRg/ 
12. ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ырғалиевпен кездесу: https://fb.watch/9nmNuAcUiV/ 
13. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен кездесу: https://fb.watch/9nmOM8joIK/ 
14. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғановамен кездесу: https://fb.watch/9nmQxRw3uC/ 
15. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов кездесу: https://fb.watch/9nmSwWW6AW/ 
16. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановпен кездесу: https://fb.watch/9nmTM80IX5/