Еуропалық Парламент делегациясы Қоғамдық даму министрілігінде болды

 Еуропалық Парламент делегациясы Қоғамдық даму министрілігінде болды

Қоғамдық даму вице-министрі Сергей Коновалов Еуропалық Парламенттің Адам құқықтары жөніндегі Кіші комитетінің вице-президенті Кристиан Дан Преда бастаған Еуропалық Парламенттің делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында вице-министр Сергей Коновалов Еуропалық Парламент өкілдеріне министрліктің қызметі туралы баяндап,  2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тарихи саммитін және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізген тәуелсіз Қазақстанның және Астананың ең басты жетістіктері туралы айтып берді.

Вице-министр әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше болу  Қазақстан Республикасының маңызды стратегиялық міндеттері болып табылатынын атап өтті.

Кристиан Дан Преда Қазақстанның Еуропалық Одақтың сенімді серіктесі екенін және Орталық Азия аймағында маңызды геосаяси рөл атқаратынын атап өтті.

Еуропалық Парламенттің өкілдері елдегі діни ахуал туралы, Қазақстандық сәйкестіктің негізгі сипаттамалары, оралмандардың жағдайы туралы сұрады, сондай-ақ гендерлік теңдік пен кәсіподақ қызметінің мәселелеріне тоқталды.

Кездесу соңында тараптар Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамуына  сенім білдірді.