Астана қаласында Қазақстан әлеуметтанушыларының VI Конгресі өтті

 Астана қаласында Қазақстан әлеуметтанушыларының VI Конгресі өтті

2018 жылғы 27-28 қыркүйекте Астана қаласында «Қазақстанның жаңғырту стратегиясы әлеуметтанулық өлшемде жаңа құндылықтар, жаңа жүйедегі бағыт-бағдар, жаңа заман» тақырыбында  Қазақстан әлеуметтанушыларының VI Конгресі өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мен «Қазақстандағы әлеуметтанушылар қауымдастығы» қоғамдық ұйымы ұмыдастырды.

Шараның бірінші күні Жас әлеуметтанушылар форумы, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған тренингтер, тәжірибелі семинар өткізілді.

Конгрестің екінші күні Ұлттық академиялық кітапханасында Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Астана – жетістіктер мекені: Еуразия төріндегі жаңа қала, жаңа идеялар, жаңа шынайылық» атты пленарлық отырысы ұйымдастырылды.

Аталған отырысқа ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары, Қазақстандағы әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті, әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Марат Тәжин, Қоғамдық даму министрі, саясаттану ғылымдарының докторы Дархан Кәлетаев, Халықаралық Әлеуметтанушылар Қауымдастығының (ХӘҚ) вице-президенті, әлеуметтану докторы, Рио-де-Жанейро (Бразилия) Федералды Университетінің профессоры, ХӘҚ Current Sociology журналының редакторы Элоиза Мартин, Жапония, Түркия, Ресей, БАӘ, Германия өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, сараптамалық қызметтердің өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, өзекті тақырыптық бағыттар, оның ішінде азаматтық қоғамды дамытусы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және БҰҰ Даму бағдарламасы аясындағы әлеуметтік зерттеулердің таныстырылымы жөнінде панельдік сессиялар өткізілді.

Конгрес жұмысының нәтижесі бойынша арнайы  материалдар жинағы, ҚӘҚ-ның «Әлеуметтану - Sociology» журналының арнайы басылымы әзірленді.

Форумды ұйымдастыру барысына ҚР Президенті жанындағы СЗҚИ, Л.Н.ГУмилев атындағы ЕҰУ, «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қолдау көрсетті.