2020-2025 жылдарға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы Қазақстанның VIII Азаматтық форумында талқыланады

 2020-2025 жылдарға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы Қазақстанның VIII Азаматтық форумында талқыланады

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Сергей Коновалов пен «Қазақстан Азаматтық Альянсы» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Асылбек Қожахметовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті. Спикерлер ағымдағы жылғы 27-28 қарашада Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін VIII Азаматтық форумға дайындық барысы туралы хабардар етті.

Сергей Коновалов өз сөзінде алдағы Азаматтық форум бұл елімізде жүзеге асып жатқан реформалар мен бастамалардың басы қасында жүрген,   Президентпен бір мүддені ұстанатын және Елбасының шынайы жақтастары жиналатын шара екенін атап өтті.

Вице-министр Азаматтық форумдарды өткізудің тарихына қысқаша тоқталып өтіп, Форумды өткізу арқылы үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар, бизнес-секторлар үздік тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік алатынын және күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде ортақ тәсілдерді қалыптастыратына тоқталып өтті.

Вице-министрдің ақпараты бойынша VIII-ші Азаматтық форумның күн тәртібіндегі негізгі мәселе - азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Тұжырымдама жобасын талқылау болып табылады.  Форум жұмысына 850 адам қатысады, оның ішінде дипломатиялық миссия, Парламент депутаттары, қазақстандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысады. Форум өтетін екі күнде 35 алаң жұмыс істейтін болады (тренингтік сессиялар, мастер-класстар, сайд-ивенттер, хакатон және т.б.)

Форумда «Адамдар» (People)», «Планета» (Planet), «Өркендеу» (Prosperity), «Әлем» (Peace), «Серіктестік» (Partnership) атауымен 5 панельдік сессия өтеді, аталған сессиялар БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының құрамына кіретін тиісті мақсатты топтарды қамтиды. 

Шара барысында әлеуметтік  (ҚР білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау) және экономикалық салаға жауапты министрлерімен (Қаржы министрлігі, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы министрлігі), сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдерімен ( Ішкі істер, Әділет миистрліктері мен мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі) өтетін кездесулер жоспарланған. 

ҮЕҰ-дың  өкілдері жеке тақырыптарды талқылауға қатысуға, ұсыныстар енгізуге және қоғамның нақты  мәселелерін шешуге қол ұшын созуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ халықаралық донорлардың конференциясы, «Мен сенемін 2.0» әлеуметтік жобалардың конференциясы өтеді. Форум ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақылардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен аяқталады.